https://sputnik.kz/20231207/kun-sayyn-qazaqstanda-qyzylshanyn-300-ge-zhuyq-zhagdayy-tirkeledi-40663939.html
Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі
Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі
Sputnik Қазақстан
Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алуда 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T07:04+0500
2023-12-07T07:04+0500
2023-12-07T09:25+0500
қызылша
денсаулық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/10/14977364_0:159:3073:1888_1920x0_80_0_0_9bdefb0e0e47205a854bfad3d2f05ef0.jpg.webp
АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл хабарлады.2023 жылдың басынан бастап ҚР-да қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81% - 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% - жасөспірімдердің, 15,4% - ересектердің арасында.Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды -3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қ. - 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0) және Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).Ошақтарда шұғыл вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізілетінін атап өткен жөн."Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алуда. Мұндай үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады, сондықтан 57,4%-да (7854) жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы тәртіппен, 18,2%-да (2492) - медициналық көрсетілім бойынша, 23%-да (3148) - егу жасына жетпеуі бойынша вакцинацияланбаған", - деп толықтырды ҰҚДСО басшысы.
https://sputnik.kz/20231206/qyzylsha-astanada-balalar-aurukhanasynyn-tosek-qory-500-ge-deyin-osti-40663312.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/10/14977364_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_3b8118144daf2c0dfc9f729b3b974e79.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі
07:04 07.12.2023 (жаңартылды: 09:25 07.12.2023) Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алуда
АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл хабарлады.
2023 жылдың басынан бастап ҚР-да қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81% - 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% - жасөспірімдердің, 15,4% - ересектердің арасында.
Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды -3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қ. - 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0) және Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).
"Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6% -ды құрады (13 670 жағдай)",- деді Манар Смағұл.
Ошақтарда шұғыл вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізілетінін атап өткен жөн.
"Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алуда. Мұндай үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады, сондықтан 57,4%-да (7854) жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы тәртіппен, 18,2%-да (2492) - медициналық көрсетілім бойынша, 23%-да (3148) - егу жасына жетпеуі бойынша вакцинацияланбаған", - деп толықтырды ҰҚДСО басшысы.