https://sputnik.kz/20231207/kozboyaushylyq-bar-senator-serpin-2050-bagdarlamasyn-synga-aldy-40683868.html
"Көзбояушылық бар": сенатор "Серпін-2050" бағдарламасын сынға алды
"Көзбояушылық бар": сенатор "Серпін-2050" бағдарламасын сынға алды
Sputnik Қазақстан
2020-2022 жылдары аралығында бағдарламамен оқуды тәмамдаған 8 948 бітірушінің ішінде 3 200 адам екі жыл еңбек өтілін өтеу міндетін орындамаған. 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T12:47+0500
2023-12-07T12:47+0500
2023-12-07T12:47+0500
бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37178744_0:0:3219:1810_1920x0_80_0_0_c7279435fa766fb3712decf3d57135da.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Сенатта "Серпін-2050" бағдарламасы аясында сотқа тартылған мыңдаған адамның проблемасы көтерілді. Осы салада көзбоуяшылық та жоқ емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенатор Алишер Сатвалдиевтің айтуынша, бүгінде бағдарламаны іске асыру кезінде жіберілген кемшіліктердің салдарынан жыл сайын солтүстікте қалатын жастардың саны азайып келеді. Ал "Серпін-2050" ресми сайтының жұмысы тоқтап қалды.Ресми мәліметке сәйкес, 2020-2022 жылдары аралығында бағдарламамен оқуды тәмамдаған 8 948 бітірушінің ішінде 3 200 адам екі жыл еңбек өтілін өтеу міндетін орындамаған. Министрлік олардың бәрін сотқа беріп, жұмсалған ақшаны қайтаруды талап етіп отыр.Бұдан бөлек, еңбек өтілін өтеу міндетінен босатылғандар да аз емес. Олардың жалпы саны – 4 200 адам. Ондай мүмкіндік балалы болған, тұрмысқа шыққан немесе магистратураға түскен адамға беріледі. Осылайша, бағдарламаға қатысушылардың 15 пайызы ғана жұмысқа орналасып, барған өңірде қалып отыр."Алайда бұл жерде де көзбояушылықтар бар. Бағдарламаға қатысушылардың айтуы бойынша уәкілетті тұлғалар оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, я болмаса, өзге де заңды тұлғалармен келісіп, зейнетақы қорына ай сайын төлем жасау арқылы міндеттемені жабудың жанама жолын көрсеткен. Көп жастар осы тәсілді пайдаланып, шын мәнінде мейрамханаларда даяшы, сауда орындарында сатушы, такси жүргізушісі, күзетші, жүк тасушы және сол сияқты жұмыстармен айналысып жүр. Ал жоғары оқу орындарының ақпаратында түлектердің 90-95 пайызы жұмыспен қамтылғаны айтылады", - деп атап көрсетті сенатор.Университеттер дипломды да бере салмайды. Алдымен жұмысқа орналасқаны туралы хатты талап етеді.Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, бағдарламаның олқылықтарын жоюды талап етті. Түлектерге баспана жағынан көмектесуді де сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37178744_209:0:2938:2047_1920x0_80_0_0_e47f6850364e2a432d731bae7251d621.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдарлама
"Көзбояушылық бар": сенатор "Серпін-2050" бағдарламасын сынға алды
2020-2022 жылдары аралығында бағдарламамен оқуды тәмамдаған 8 948 бітірушінің ішінде 3 200 адам екі жыл еңбек өтілін өтеу міндетін орындамаған.
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Сенатта "Серпін-2050" бағдарламасы аясында сотқа тартылған мыңдаған адамның проблемасы көтерілді. Осы салада көзбоуяшылық та жоқ емес, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Алишер Сатвалдиевтің айтуынша, бүгінде бағдарламаны іске асыру кезінде жіберілген кемшіліктердің салдарынан жыл сайын солтүстікте қалатын жастардың саны азайып келеді. Ал "Серпін-2050" ресми сайтының жұмысы тоқтап қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, 2020-2022 жылдары аралығында бағдарламамен оқуды тәмамдаған 8 948 бітірушінің ішінде 3 200 адам екі жыл еңбек өтілін өтеу міндетін орындамаған. Министрлік олардың бәрін сотқа беріп, жұмсалған ақшаны қайтаруды талап етіп отыр.
"Бағдарлама аясында қолына дипломын алған әрбір үшінші түлектің осылайша сотқа тартылуының басты себебі – жұмыс таппай, баспана мәселесін шеше алмай, тығырыққа тірелуі. Көп жағдайда жолдама берілген мекемелерде шын мәнінде ол жұмыс орындары жоқ болып шығады. Ал басқа мекемелер жұмыс өтілінсіз қабылдамайды. Қабылдаса да, 80-90 мыңнан жоғары жалақы төлемейді. Жатақханадан шығарылған 100-120 мың теңгеге баспана жалдауға мәжбүр болған жастарға өз ауылдарына қайтудан өзге амал қалмайды", - деді Сатвалдиев сенаттың бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, еңбек өтілін өтеу міндетінен босатылғандар да аз емес. Олардың жалпы саны – 4 200 адам. Ондай мүмкіндік балалы болған, тұрмысқа шыққан немесе магистратураға түскен адамға беріледі. Осылайша, бағдарламаға қатысушылардың 15 пайызы ғана жұмысқа орналасып, барған өңірде қалып отыр.
"Алайда бұл жерде де көзбояушылықтар бар. Бағдарламаға қатысушылардың айтуы бойынша уәкілетті тұлғалар оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, я болмаса, өзге де заңды тұлғалармен келісіп, зейнетақы қорына ай сайын төлем жасау арқылы міндеттемені жабудың жанама жолын көрсеткен. Көп жастар осы тәсілді пайдаланып, шын мәнінде мейрамханаларда даяшы, сауда орындарында сатушы, такси жүргізушісі, күзетші, жүк тасушы және сол сияқты жұмыстармен айналысып жүр. Ал жоғары оқу орындарының ақпаратында түлектердің 90-95 пайызы жұмыспен қамтылғаны айтылады", - деп атап көрсетті сенатор.
Университеттер дипломды да бере салмайды. Алдымен жұмысқа орналасқаны туралы хатты талап етеді.
Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, бағдарламаның олқылықтарын жоюды талап етті. Түлектерге баспана жағынан көмектесуді де сұрады.