БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Газада атысты дереу тоқтату туралы қарар жобасы ұсынылды

© AP Photo / Mohammed DahmanГазадағы жағдай
Газадағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Газадағы жағдайды апатты деп атаған
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне гуманитарлық себеппен Газа секторында атысты дереу тоқтатуды талап еткен қарар жобасын ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости БАӘ сыртқы істер министрі Абдалла бен Зейдке сілтеме жасап.
"БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемесінде айтылғандай бұл сектордағы апатты жағдайға және бауырлас Палестина халқының азап шегуіне байланысты БАӘ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне гуманитарлық себеппен Газа секторында атысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар жобасын ұсынды", - деді БАӘ СІМ басшысы.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.
Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қайтыс болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекендерді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға авиациялық соққылар жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және Солтүстік бөліктерге бөлінді.
Газа секторында Израиль соққы жасаған уақыттан бастап қаза тапқандар саны 16 мыңнан асты, 35 мыңнан астам адам зардап шекті. ХАМАС Газа секторында шамамен 200-250 адам кепілге алынғанын мәлімдеді. Бітім тоқтатылғаннан кейін Израиль билігі "Хамаста 126 израильдік пен 11 шетелдік тұтқында қалды, ұрланған 110 адам босатылды" деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0