https://sputnik.kz/20231207/16-zhyl-boyy-uylerinin-quzhaty-bolmagan-astanada-shagyn-audan-turgyndarynyn-maselesi-sheshildi-40689933.html
Астанада 16 жыл бойы үйіне құжат ала алмаған тұрғындардың мәселесі шешілді
Астанада 16 жыл бойы үйіне құжат ала алмаған тұрғындардың мәселесі шешілді
Sputnik Қазақстан
Елордадағы "Нұр-бесік" шағын ауданында (Көктал-1 елді мекені) 200-ден астам үй орналасқан 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T17:11+0500
2023-12-07T17:11+0500
2023-12-07T17:17+0500
елорда тынысы
астана
баспана
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40689770_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_eaef6c6117adaabdb20f16ab3b6fa2d9.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы "Нұр-бесік" шағын ауданының мәселесін көтерді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты."Нұр-бесік" шағын ауданында (Көктал-1 елді мекені) 200-ден астам үй орналасқан. Мұнда мыңнан астам адам өмір сүреді. Бұл шағын ауданда қала тұрғындары 2007 жылдан бері тұрып жатқанымен, 16 жылдан бері үйіне құқық белгілейтін құжаты болмаған.Сол себепті олар өз үйіне тіркеле алмаған. Осылайша олардың емдеу мекемесіне тіркелуіне, балаларын балабақшаға, мектепке және т.б. беруіне мүмкіндігі болмады. Олар достары мен туыстарының үйіне тіркелуге мәжбүр болды.Әкімнің айтуынша, шағын ауданды абаттандыру: сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және т.б. инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыс аяқталды."Сол сияқты көшелерге асфальт төселді, жарықтандыру бағаналары, 3 аялдама, интернет орнатылды, т.б. Біз қаланың елді мекендерін дамытуды ары қарай жалғастырамыз", - деп жазды Қасымбек.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40689770_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_f160fb69886562ae5db5bb6bae9b065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, баспана
Астанада 16 жыл бойы үйіне құжат ала алмаған тұрғындардың мәселесі шешілді
17:11 07.12.2023 (жаңартылды: 17:17 07.12.2023) Елордадағы "Нұр-бесік" шағын ауданында (Көктал-1 елді мекені) 200-ден астам үй орналасқан
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы "Нұр-бесік" шағын ауданының мәселесін көтерді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
"Нұр-бесік" шағын ауданында (Көктал-1 елді мекені) 200-ден астам үй орналасқан. Мұнда мыңнан астам адам өмір сүреді. Бұл шағын ауданда қала тұрғындары 2007 жылдан бері тұрып жатқанымен, 16 жылдан бері үйіне құқық белгілейтін құжаты болмаған.
Сол себепті олар өз үйіне тіркеле алмаған. Осылайша олардың емдеу мекемесіне тіркелуіне, балаларын балабақшаға, мектепке және т.б. беруіне мүмкіндігі болмады. Олар достары мен туыстарының үйіне тіркелуге мәжбүр болды.
"Нұр-бесік" шағын ауданының тұрғындары жер учаскелерін заңдастыру мәселесін бізбен өткен кездесулерде бірнеше рет көтерді. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып, техникалық мәселелердің бәрі шешілді. Қазіргі уақытта тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды беру рәсімі жүріп жатыр. Енді оларды ресми түрде елорда тұрғыны деп айтуға болады және өз үйіне тіркеле алады”, -деп жазды әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, шағын ауданды абаттандыру: сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және т.б. инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыс аяқталды.
"Сол сияқты көшелерге асфальт төселді, жарықтандыру бағаналары, 3 аялдама, интернет орнатылды, т.б. Біз қаланың елді мекендерін дамытуды ары қарай жалғастырамыз", - деп жазды Қасымбек.