Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаны қолдауды тоқтату ессіздік болады – Байден

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуВашингтондағы Ақ үй
Вашингтондағы Ақ үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2023
Жазылу
Байден Украинасыз Израильге ғана көмек бөлу туралы заң жобасына қол қоймайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жаңа көмек көрсетуге келісім бермеу "барып тұрған ессіздік" болады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Украинаға қолдау көрсетпеу – барып тұрған ессіздік. Бұл АҚШ мүддесіне қайшы. Бұл дұрыс емес", - деп келтірді Ақ үйдің баспасөз қызметі оның сөзін.
Бұған дейін АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен Киевті қолдауға қатысты жағдайды "қорқынышты" деп атады. Оның айтуынша, Вашингтон Киевке жаңадан тағы қаржы бөле алмаса, оның жеңілісіне жауапты болады.
Бір күн бұрын республикашыл сенаторлар Украина мен Израильге көмек көрсету туралы брифингтен кетіп қалды. Өйткені олар демократтардан өз ұсыныстарына жауап алмаған. Владимир Зеленский де брифингке қатысудан соңғы сәтте бас тартты.
АҚШ президенті Джо Байден бұдан бұрын Конгрестен Израиль мен Украинаға көмектесу үшін 106 миллиард доллар сұрағанымен, бұл ұсынысы біржақты қолдау таппады. Республикашылдардың басым көпшілігін құрайтын Өкілдер палатасы Тель-Авивті ғана қолдап дауыс берді, бірақ демократиялық партияның бақылауындағы Сенат бұл бастамаға тосқауыл қойды. Байден егер Конгресс мұндай құжатты мақұлдаса, Украинасыз Израильге ғана көмек бөлу туралы заң жобасына қол қоймайтынын мәлімдеді.
Егер Конгресс қазір Украинаға көмек көрсету туралы келісімге келе алмаса, онда конгрессмендер үшін 14 желтоқсанда, сенаторлар үшін 15 желтоқсанда басталатын Рождестволық мерекелерден кейін талқылауды қайта бастауы керек. Өкілдер палатасы 9 қаңтарда, ал Сенат 8 қаңтарда жұмысын жалғастырады.
Жаңалықтар
0