Елімізде заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған күдікті Сербиядан экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2023
Жазылу
Ол - "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың мүшесі
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда 5 жыл заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Биыл 18 қарашада "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін оның сыбайласы Сербия Республикасынан экстрадицияланды.
"Олар 2014-2019 жылдары заңсыз құмар ойындарын өткізген. Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген", - дейді ведомство.
Халықаралық іздеу жарияланған күдікті қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы "Ұстап беру туралы" шарттың аясында жүзеге асты.
Жаңалықтар
0