https://sputnik.kz/20231206/densaulyq-saqtau-ministrligi-koktaygaq-kezinde-zharaqat-almaudyn-zholdaryn-eske-saldy-40642900.html
Денсаулық сақтау министрлігі көктайғақ кезінде жарақат алмаудың жолдарын еске салды
Денсаулық сақтау министрлігі көктайғақ кезінде жарақат алмаудың жолдарын еске салды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мұзды жолда қауіпсіз жүруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынды. 06.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-06T07:31+0500
2023-12-06T07:31+0500
2023-12-06T07:39+0500
көктайғақ
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619437_0:53:1025:630_1920x0_80_0_0_4f59872fd0dd5fb36dd33e49b1d03c9e.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мұзды жолда қауіпсіз жүруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынды.Байқап жүріңізТіпті сіз қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырыспаңыз. Жүрген кезде барынша табаныңызды нық басып, тізеңізде босаңсытуыңыз керек. Өзіңізді пингвин секілді елестетіңіз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, бүкіл табанға басып ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.Дұрыс аяқ киім киіңізКөктайғақта табаны сырғанайтын аяқ киім киюді ұмытып кету керек. Керісінше, автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жердің бетіне "жабысатын" етік пен бәтеңкені таңдау керек.Ыңғайлы құлауға тырысу қажетЕгер сіз сырғып, құлап бара жатқандай сезінсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Арқаға құлаудан аулақ болу керек. Егер құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз, дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Бүйірге құлау қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа салмаңыз, керісінше мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмекті алмауға болады. Басыңызды мұзға ұрған жағдай ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды – тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619437_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_9e3da7b904e319e13276da162599c37b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көктайғақ
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мұзды жолда қауіпсіз жүруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынды.
Тіпті сіз қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырыспаңыз. Жүрген кезде барынша табаныңызды нық басып, тізеңізде босаңсытуыңыз керек. Өзіңізді пингвин секілді елестетіңіз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, бүкіл табанға басып ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.
Көктайғақта табаны сырғанайтын аяқ киім киюді ұмытып кету керек. Керісінше, автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жердің бетіне "жабысатын" етік пен бәтеңкені таңдау керек.
Ыңғайлы құлауға тырысу қажет
Егер сіз сырғып, құлап бара жатқандай сезінсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Арқаға құлаудан аулақ болу керек. Егер құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз, дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Бүйірге құлау қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа салмаңыз, керісінше мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.
Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмекті алмауға болады. Басыңызды мұзға ұрған жағдай ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды – тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.