https://sputnik.kz/20231205/slovo-patsana-toniregindegi-dau-reseylik-serialga-tyyym-salyna-ma-40630573.html
"Слово пацана" төңірегіндегі дау: ресейлік сериалға тыйым салына ма
"Слово пацана" төңірегіндегі дау: ресейлік сериалға тыйым салына ма
Sputnik Қазақстан
Ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалы 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы баяндайды 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T11:58+0500
2023-12-05T11:58+0500
2023-12-05T12:02+0500
саясат нұрбек
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40622263_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fa4ad421d3ef2cd441a8fbc9ab5241d7.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту мен ғылым және жоғары білім министрлері жастар арасында зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін Қазақстанда ресейлік "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ғылым және жоғары білім министрі сериалға қатысты Ресейдің өзінде бірнеше мәлімдеме жасалғанын атап өтті.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та мәселе зерделеніп жатқанын айтты."Біз кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз, оған төзуге болмайды. Қазір осы мәселе зерделеніп жатыр. Менің білуімше, өндіруші ел де мұны қарастырып жатыр", - деді Бейсембаев.Екі министр де ресейлік сериалды әлі көрмеген, айтуларынша, уақыттары болмаған екен.Ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалы 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы баяндайды.Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы ресейлік сериал жастарға кері әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.Тәртіп сақшылары сериал жасөспірімдер мен мектеп ортасында қылмыстық романтиканы насихаттайды, зорлық-зомбылық, ішімдік ішу, дөрекілік пен заңбұзушылықтың көптеген көрінісін қамтиды.Қарасай аудандық полиция басқармасы ата-аналар мен мектеп мұғалімдерін осы сериалды көрген соң, балаларды бақылауда ұстауға шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40622263_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_13ef0830af37342cfdb112a94cf4593a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек
"Слово пацана" төңірегіндегі дау: ресейлік сериалға тыйым салына ма
11:58 05.12.2023 (жаңартылды: 12:02 05.12.2023) Ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалы 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы баяндайды
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту мен ғылым және жоғары білім министрлері жастар арасында зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін Қазақстанда ресейлік "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрі сериалға қатысты Ресейдің өзінде бірнеше мәлімдеме жасалғанын атап өтті.
"Біз қазір осы мәселені зерделеп жатырмыз, күні бұрын ештеңе айта алмаймыз. Министрлік өз тарапынан бірнеше сарапшыны тартты, ақпарат министрлігі де зерттеп жатыр. Қажет болған жағдайда қандай да бір шешім қабылдануы мүмкін, бірақ әзірге қатты дүрбелең көріп тұрған жоқпыз", -деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та мәселе зерделеніп жатқанын айтты.
"Біз кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз, оған төзуге болмайды. Қазір осы мәселе зерделеніп жатыр. Менің білуімше, өндіруші ел де мұны қарастырып жатыр", - деді Бейсембаев.
Екі министр де ресейлік сериалды әлі көрмеген, айтуларынша, уақыттары болмаған екен.
Ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалы 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы баяндайды.
Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы ресейлік сериал жастарға кері әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Тәртіп сақшылары сериал жасөспірімдер мен мектеп ортасында қылмыстық романтиканы насихаттайды, зорлық-зомбылық, ішімдік ішу, дөрекілік пен заңбұзушылықтың көптеген көрінісін қамтиды.
Қарасай аудандық полиция басқармасы ата-аналар мен мектеп мұғалімдерін осы сериалды көрген соң, балаларды бақылауда ұстауға шақырды.