https://sputnik.kz/20231205/eaeo-elderi-ushin-qutqaru-quraldarynyn-zhana-khalyqaralyq-standarty-azirlendi-40636076.html
ЕАЭО елдері үшін құтқару құралдарының жаңа халықаралық стандарты әзірленді
ЕАЭО елдері үшін құтқару құралдарының жаңа халықаралық стандарты әзірленді
Sputnik Қазақстан
Халықаралық стандарттар келесі жылы іске қосылады 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T16:23+0500
2023-12-05T16:23+0500
2023-12-05T16:23+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18767177_0:144:3128:1904_1920x0_80_0_0_3f6d06a84f7fae4322d52571321fc941.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Алғаш рет ЕАЭО елдеріндегі төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс істеу үшін гидравликалық және пневматикалық авариялық-құтқару құралына қойылатын техникалық талаптар анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.Басылымның мәліметінше, мемлекетаралық стандарттар келесі жылы 1 наурызда қолданысқа енеді.Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты сайтының хабарлауынша, алғаш рет табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында қолданылатын гидравликалық және пневматикалық авариялық-құтқару құралына қойылатын жалпы техникалық талаптарды айқындайтын екі мемлекетаралық стандарт бекітілді:Құжаттарды Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген.Бұған дейін Тоқаев ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызметті ратификациялау туралы Заңға қол қойғаны хабарланған болатын.Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағында аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қамтамасыз етуді көздейді.Депутаттар мәжілісте заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейтінін айтты.Келісім екі кезеңмен күшіне енеді - ратификацияланғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ұйымдастыру мәселелерін реттейтін баптар күшіне енеді.Кейінірек аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы қосымша келісім қабылданады, ол күшіне енгеннен кейін бұл келісімнің нормалары толық көлемде іске қосылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18767177_200:0:2929:2047_1920x0_80_0_0_89775d2f8a6de9a039cec08dddf6f4d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері үшін құтқару құралдарының жаңа халықаралық стандарты әзірленді
Халықаралық стандарттар келесі жылы іске қосылады
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Алғаш рет ЕАЭО елдеріндегі төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс істеу үшін гидравликалық және пневматикалық авариялық-құтқару құралына қойылатын техникалық талаптар анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, мемлекетаралық стандарттар келесі жылы 1 наурызда қолданысқа енеді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты сайтының хабарлауынша, алғаш рет табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында қолданылатын гидравликалық және пневматикалық авариялық-құтқару құралына қойылатын жалпы техникалық талаптарды айқындайтын екі мемлекетаралық стандарт бекітілді:
"Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік. Гидравликалық авариялық-құтқару құралы. Жалпы техникалық талаптар",
"Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік. пневматикалық авариялық-құтқару құралы. Жалпы техникалық талаптар".
Құжаттарды Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген.
Бұған дейін Тоқаев ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызметті ратификациялау туралы Заңға қол қойғаны хабарланған болатын.
Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағында аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қамтамасыз етуді көздейді.
Депутаттар мәжілісте заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейтінін айтты.
Келісім екі кезеңмен күшіне енеді - ратификацияланғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ұйымдастыру мәселелерін реттейтін баптар күшіне енеді.
Кейінірек аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы қосымша келісім қабылданады, ол күшіне енгеннен кейін бұл келісімнің нормалары толық көлемде іске қосылады.