https://sputnik.kz/20231205/bes-kaspiy-elderi-ministrlik-dialogyn-iske-qosady---rf-sim-40638269.html
"Бес Каспий" елдері министрлік диалогын іске қосады - РФ СІМ
"Бес Каспий" елдері министрлік диалогын іске қосады - РФ СІМ
Sputnik Қазақстан
Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі аймағының даму әлеуеті зор, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін құру жоспарын есепке алғанда бұл үлкен мәнге ие 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T18:06+0500
2023-12-05T18:06+0500
2023-12-05T18:06+0500
каспий
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40632299_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_68816f6376bb9f74e4726f9d018b6b12.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Каспий маңындағы бес ел (Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Қазақстан және Иран) сыртқы істер министрлері деңгейіндегі диалогтың жаңа форматын бастап жатыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Ол Каспий теңізіндегі ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгенін, бірақ бесжақты өзара іс-қимылдың сапасын арттыру және оның халықаралық-құқықтық негіздерін нығайту үшін қосымша күш-жігер қажет екенін айтты.Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі аймағының даму әлеуеті зор, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін құру жоспарын есепке алғанда бұл үлкен мәнге ие. Сонымен қатар, Каспий маңы елдерінің алдында экологиялық қауіпсіздік, Каспий теңізінің тайыздануы және оның биологиялық ресурстарын сақтау саласында күрделі міндеттер тұр, деді ол."Біз жұмысымыздың тиімділігін хатшылықтар сияқты бюрократиялық тізбектерсіз ынтымақтастық, диалог форумы болатын Каспий кеңесін құру арқылы арттыруға болады деп есептейміз. Біз бұл бастаманы талқылауды асыға күтеміз", - деді Лавров.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40632299_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_c590789bb03089766fb73817617d4fa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, ресей
"Бес Каспий" елдері министрлік диалогын іске қосады - РФ СІМ
Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі аймағының даму әлеуеті зор, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін құру жоспарын есепке алғанда бұл үлкен мәнге ие
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Каспий маңындағы бес ел (Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Қазақстан және Иран) сыртқы істер министрлері деңгейіндегі диалогтың жаңа форматын бастап жатыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Бүгінгі кездесу ерекше сипатқа ие. Біз Ашхабадта өткен саммитте келісілген мандат аясында жұмыс істейтін жаңа, тұрақты министрлер диалогын бастаймыз. Бұл мандат, атап айтқанда, бесжақты ынтымақтастықты дамыту және оның форматтарын жетілдіру мәселелерін қарастыруды, саммиттердің шешімдерін іске асыру бойынша келісілген шараларды әзірлеуді, олардың күн тәртібін және қорытынды құжаттарын дайындауды көздейді", - деді Лавров Каспий бестігінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында.
Ол Каспий теңізіндегі ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгенін, бірақ бесжақты өзара іс-қимылдың сапасын арттыру және оның халықаралық-құқықтық негіздерін нығайту үшін қосымша күш-жігер қажет екенін айтты.
Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі аймағының даму әлеуеті зор, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін құру жоспарын есепке алғанда бұл үлкен мәнге ие. Сонымен қатар, Каспий маңы елдерінің алдында экологиялық қауіпсіздік, Каспий теңізінің тайыздануы және оның биологиялық ресурстарын сақтау саласында күрделі міндеттер тұр, деді ол.
"Біз жұмысымыздың тиімділігін хатшылықтар сияқты бюрократиялық тізбектерсіз ынтымақтастық, диалог форумы болатын Каспий кеңесін құру арқылы арттыруға болады деп есептейміз. Біз бұл бастаманы талқылауды асыға күтеміз", - деді Лавров.