Астанада көктайғақтан 171 адам зардап шекті

© Sputnik / Владислав ВодневГололед, прохожий, пешеход
Гололед, прохожий, пешеход - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Жазылу
Оның 12-сі балалар. 26 адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Астанада ауа райының нашарлауына байланысты травматологиялық пункт қызметі күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша бөлімшелерге 296 адам жүгінген. Оның 171-і жарақат алған. Оның 12-сі балалар. 26 адам ауруханаға жатқызылды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарын мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюді кеңес береді.
"Айта кетейік, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді. 9 қараша күні №2 көпбейінде қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылған болатын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада көктайғақты болдырмас үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.
Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0