https://sputnik.kz/20231205/astanada-koktaygaq-oqushylardy-uyine-qaytardy-40630778.html
Астанада көктайғақ: оқушыларды үйіне қайтарды
Астанада көктайғақ: оқушыларды үйіне қайтарды
Sputnik Қазақстан
Сейсенбі күні түн ортасынан таңғы сағат 8-ге дейін көктайғақтан 37 адам зардап шегіп, травматологиялық пункттердің көмегіне жүгінген 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T12:21+0500
2023-12-05T12:21+0500
2023-12-05T12:21+0500
көктайғақ
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619479_0:52:998:613_1920x0_80_0_0_d18f1129b5f62869243c9b181077e816.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада екінші ауысымдағы даярлық сыныбынан тоғызыншы сынықа дейінгі мектеп оқушылары да қашықтан оқиды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы."Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп жазылған хабарламада.Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көктайғақтан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берді.Ведомство қалада травматологиялық пункттердің жұмысы күшейтілгенін мәлімдеді.Қалалық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мүмкіндігінше абай болуға және табаны ыңғайлы аяқ киім киюге шақырды", - делінген хабарламада.Жарақат алған жағдайда дереу медициналық пункттерге хабарласу қажет."Бүгінгі таңда 4, 5, 6, 7, 9 10-қалалық емханаларда 4-ші санаттағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді", - деп хабарлады басқармадағылар.Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілді. Қаланың мемлекеттік қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619479_56:0:943:665_1920x0_80_0_0_a00d809cac292a047fd5fa1943559ff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көктайғақ, астана
Астанада көктайғақ: оқушыларды үйіне қайтарды
Сейсенбі күні түн ортасынан таңғы сағат 8-ге дейін көктайғақтан 37 адам зардап шегіп, травматологиялық пункттердің көмегіне жүгінген
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада екінші ауысымдағы даярлық сыныбынан тоғызыншы сынықа дейінгі мектеп оқушылары да қашықтан оқиды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көктайғақтан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берді.
"5 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты азаматтар қалалық ауруханалардағы медициналық көмекке жүгінген. Сағат 00.00-ден 08.00-ге дейін 37 шақырту түскен, ол азаматтардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмаған", - делінген хабарламада.
Ведомство қалада травматологиялық пункттердің жұмысы күшейтілгенін мәлімдеді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мүмкіндігінше абай болуға және табаны ыңғайлы аяқ киім киюге шақырды", - делінген хабарламада.
Жарақат алған жағдайда дереу медициналық пункттерге хабарласу қажет.
"Бүгінгі таңда 4, 5, 6, 7, 9 10-қалалық емханаларда 4-ші санаттағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді", - деп хабарлады басқармадағылар.
Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілді. Қаланың мемлекеттік қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.