https://sputnik.kz/20231204/zhambyl-oblysynda-3-su-qoymasynyn-qurylysy-bastaldy-40593575.html
Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды
Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Құрылысшылар биыл екеуін аяқтап тапсырмақ. Ал ауқымдысының құрылысы келер жылы жалғасады 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T07:32+0500
2023-12-04T07:32+0500
2023-12-04T07:39+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/611/15/6111503_0:148:3114:1900_1920x0_80_0_0_9b7cc75ff76dda6249b41e514da1904b.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды. Бұдан бөлек облыстық бюджет есебінен 8 бөгет салынбақ, деп хабарлады Хабар 24.Ал келер жылы республикалық қазынадан қаржы қаралса, ауқымды 3 су жинақтау қоймасы тұрғызылады.Андас-1 су қоймасы 6 гектар аумақта орналасады, бөгетке 200 мың шаршы мертден аса су сияды. Ал бұл көлем жағалай жатқан ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге толықтай жеткілікті. Оған қоса Меркі ауданында екі қойма салынып жатыр. Олардың жалпы көлемі 1,5 миллион текше метрге жуық.Құрылысшылар биыл екеуін аяқтап тапсырмақ. Ал ауқымдысының құрылысы келер жылы жалғасады.Су жинақтау орындары қолданысқа берілсе, аудандағы 600 гектар алқап суарылады. Сонымен қатар жергілікті билік тіршілік нәрін егістік басына дейін құбырмен жеткізуді жоспарлап отыр."Судың жоғалу көлемін төмендету мақсатында тағы да жоба жасап жатырмыз. Аспара өзенінен суды құбырмен алып келеміз де, мына біздің ауданның төменгі жағында орналасқан Үлкен Шу каналына жеткіземіз. Құбырымыздың ұзындығы 76 шақырымды құрайды", - деп түсіндірді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев.Былтырғы қуаңшылық су мамандарының жұмысын жеделдеткендей. Аймақта 8 кіші су қоймасы жергілікті бюджеттен, тағы 3 ірі нысан республика қазынасы арқылы салынады. Талас өзенінде Ақмола, Шу арнасы бойынан Қалғұты мен Ырғайты су қоймалары салынады. Олардың жалпы сыйымдылығы 52 миллион текше мерт.2018 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінен 25 миллиард теңге бөлініп, облыста 256 су арнасын жөндеу басталған. Жоспар бойынша олардың құрылысы суару маусымына дейін бітеді.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/611/15/6111503_193:0:2922:2047_1920x0_80_0_0_d48a6a26f40df8ee7c3d6eafab880273.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды
07:32 04.12.2023 (жаңартылды: 07:39 04.12.2023) Құрылысшылар биыл екеуін аяқтап тапсырмақ. Ал ауқымдысының құрылысы келер жылы жалғасады
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды. Бұдан бөлек облыстық бюджет есебінен 8 бөгет салынбақ, деп хабарлады
Хабар 24. Ал келер жылы республикалық қазынадан қаржы қаралса, ауқымды 3 су жинақтау қоймасы тұрғызылады.
Андас-1 су қоймасы 6 гектар аумақта орналасады, бөгетке 200 мың шаршы мертден аса су сияды. Ал бұл көлем жағалай жатқан ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге толықтай жеткілікті. Оған қоса Меркі ауданында екі қойма салынып жатыр. Олардың жалпы көлемі 1,5 миллион текше метрге жуық.
Құрылысшылар биыл екеуін аяқтап тапсырмақ. Ал ауқымдысының құрылысы келер жылы жалғасады.
"Күн салқындамай бетонды құйып алуымыз керек. Жалпы бөгеттің ұзындығы – 297 метр. Ал қойманың табаны 58 мың шаршы метр аумақты алып жатыр", - дейді құрылыс алаңының басшысы Алексей Шпиц.
Су жинақтау орындары қолданысқа берілсе, аудандағы 600 гектар алқап суарылады. Сонымен қатар жергілікті билік тіршілік нәрін егістік басына дейін құбырмен жеткізуді жоспарлап отыр.
"Судың жоғалу көлемін төмендету мақсатында тағы да жоба жасап жатырмыз. Аспара өзенінен суды құбырмен алып келеміз де, мына біздің ауданның төменгі жағында орналасқан Үлкен Шу каналына жеткіземіз. Құбырымыздың ұзындығы 76 шақырымды құрайды", - деп түсіндірді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев.
Былтырғы қуаңшылық су мамандарының жұмысын жеделдеткендей. Аймақта 8 кіші су қоймасы жергілікті бюджеттен, тағы 3 ірі нысан республика қазынасы арқылы салынады. Талас өзенінде Ақмола, Шу арнасы бойынан Қалғұты мен Ырғайты су қоймалары салынады. Олардың жалпы сыйымдылығы 52 миллион текше мерт.
2018 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінен 25 миллиард теңге бөлініп, облыста 256 су арнасын жөндеу басталған. Жоспар бойынша олардың құрылысы суару маусымына дейін бітеді.