https://sputnik.kz/20231204/toqaev-qazaqstandyq-bitimgerlik-kontingenttin-aleuetin-arttyrudy-tapsyrdy-40610930.html
Тоқаев қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыруды тапсырды
Тоқаев қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Руслан Жақсылықов президентке 2023 жылы қорғаныс министрлігінің атқарған жұмысы туралы есеп берді 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T16:53+0500
2023-12-04T16:53+0500
2023-12-04T16:56+0500
қасым-жомарт тоқаев
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40610669_557:0:4198:2048_1920x0_80_0_0_a0518b43902820cf1452c133ea55a8d7.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Министр әскердің жауынгерлік дайындығы, жаңа әдіс-тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндап берді.Кездесу кезінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін ерекше атап өтті. Ал кездесу соңында қорғаныс бағытындағы отандық кәсіпорындармен ықпалдастық жасау, аумақтық қорғанысты және арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40610669_1012:0:3743:2048_1920x0_80_0_0_fc6f6ff0b223aa20f0e9753388183fac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қорғаныс министрлігі
қасым-жомарт тоқаев, қорғаныс министрлігі
Тоқаев қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыруды тапсырды
16:53 04.12.2023 (жаңартылды: 16:56 04.12.2023) Руслан Жақсылықов президентке 2023 жылы қорғаныс министрлігінің атқарған жұмысы туралы есеп берді
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Министр әскердің жауынгерлік дайындығы, жаңа әдіс-тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндап берді.
Кездесу кезінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
"Бұдан бөлек, президентке азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражатты арттыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді",- делінген ресми хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін ерекше атап өтті. Ал кездесу соңында қорғаныс бағытындағы отандық кәсіпорындармен ықпалдастық жасау, аумақтық қорғанысты және арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.