https://sputnik.kz/20231204/qosylgan-qun-salygy-ushin-otemaqy-beriletini-ras-pa--ministrlik-zhauaby-40602234.html
Қосылған құн салығы үшін өтемақы берілетіні рас па – министрлік жауабы
Қосылған құн салығы үшін өтемақы берілетіні рас па – министрлік жауабы
Sputnik Қазақстан
Белгісіз біреулер өтемақыны аудару үшін сілтемеге өтуді сұрайды 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T12:40+0500
2023-12-04T12:40+0500
2023-12-04T12:40+0500
қоғам
салық
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қосылған құн салығы үшін қазақстандықтарға өтемақы берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұның жалған екенін мәлімдеді.Тағайындалған өтемақыны аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарлама арқылы таратылады.Ведомство азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады. Жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады.Айта кетері, ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап қосылған құн салығын 12 проценттен 16%-ке дейін көтеруді ұсынды. Соның арқасында бюджетке қосымша 2-2,4 трлн теңге түседі деген жоспар бар.Алайда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы бұл бастамаға қарсы. Бизнесмендердің пікірінше, салық ставкасы өссе, тауарлар мен қызметтер қымбаттайды, халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс төмендейді.
https://sputnik.kz/20231110/kasipkerler-qarsy-deputattar-qosylgan-qun-salygyna-qatysty-ukimetke-usynys-tastady-40072992.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, өтемақы
Қосылған құн салығы үшін өтемақы берілетіні рас па – министрлік жауабы
Белгісіз біреулер өтемақыны аудару үшін сілтемеге өтуді сұрайды
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қосылған құн салығы үшін қазақстандықтарға өтемақы берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұның жалған екенін мәлімдеді.
Тағайындалған өтемақыны аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.
"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деді еңбек министрлігіндегілер.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарлама арқылы таратылады.
Ведомство азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады. Жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады.
Айта кетері, ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап қосылған құн салығын 12 проценттен 16%-ке дейін көтеруді ұсынды. Соның арқасында бюджетке қосымша 2-2,4 трлн теңге түседі деген жоспар бар.
Алайда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы бұл бастамаға қарсы. Бизнесмендердің пікірінше, салық ставкасы өссе, тауарлар мен қызметтер қымбаттайды, халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс төмендейді.