Спорт

Қазақстандық 3 жасөспірім қыз бокстан әлем чемпионы атанды

© Photo : Спортты дамыту дирекциясыҚазақстандық 3 жасөспірім қыз бокстан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық 3 жасөспірім қыз бокстан әлем чемпионы атанды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына барлығы 58 елден 448 боксшы қатысып жатыр
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық үш спортшы қыз бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Армения астанасы Ереванда жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық жасөспірім боксшы қыздар жеңіске жетті.
"54 келі салмақта жерлесіміз Аяжан Сыдық үнділік Амиш Керкеттаны 5:0 есебімен жеңді. 60 кг салмақта Толғанай Қасымхан ресейлік қарсыласы Кира Леонованы 3:2 есебімен жеңсе, 66 кг салмақта Айсұлу Мұхит румянилық Амалиа Тугуйды 3:2 есебімен жеңіп кетті", - деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясы.
Ал қалған жарысқа шыққан жасөспірім спортшы қыздар қола медальды иеленген. Бүгін ұлдар арасындағы жарыс басталады.
Әлем чемпионатына барлығы 58 елден 448 боксшы қатысып жатыр. Қазақстан барлық салмақта спортшылар апарған.
Жаңалықтар
0