Мердігерлер қолдан қымбатшылық жасай алмайды – көлік министрлігі

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуРеконструкция дороги. Архивное фото
Реконструкция дороги. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, мердігерлер жол құрылысын әдейі кешіктіреді
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Мердігерлер бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасай алмайды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Өз жұмысын нәтижелі атқара алмаған шетелдік және отандық жол құрылысшылары бұдан былай Қазақстанның жаңа жол жобаларына қатыса алмайтыны туралы ескертілді.
"Кейбір компаниялар жұмыс басталған алғашқы жылы жұмыстарды әдейі кешіктіріп, үшінші-төртінші жылы қымбаттау мәселесін алға тартады. Осындай тәжірибеге тап болып отырмыз. Бұл ретте "ең басында келісілген сомадан артық ештеңе берілмейді" деп бірден айтамын", - деді көлік министрі Марат Қарабаев Қызылордаға барған іс-сапары кезінде.
Қарабаевтың айтуынша, бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауға жол берілмейді.
"Қолыңыздан келмесе, келісімшартты бұзып, жұмысты сол жерден тоқтатыңыз. Бұл барлық мердігер мен жол жобаларына қатысты", - деді ол.
Сондай-ақ министр жауапсыз мердігерлер "қара тізіміге" ілінетінін айтты.
"Қара тізім" бұрын да болған, алайда қазір аталған норманы пайдалану аясын одан әрі кеңейткіміз келеді. Сондықтан елімізге алғаш рет кіріп жатқан компаниялар бірден өздеріне "Қазақстанға ұзақ уақыт жұмыс істеуге келдік пе әлде жоқ па?" деген сұраққа жауап берулері керек. Өйткені алдағы 6 жылда 8 мың шақырымға жуық жолда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр", - деп ескертті министр.
Қазақстанда жол салғысы келген мердігер жұмысқа толыққанды дайындықпен кірісуі қажет.
"Барлық қажетті техниканы өздеріңізбен бірге алып келіп, ұзақ мерзімге ең жақсы қызметкерлерді жалдаңыз. Егер мердігер жобаға кірісіп, алайда техниканы сатып алу үшін бізден аванс күтіп отырса, біз қоштасуға мәжбүр боламыз. Мұндай тәжірибе біз үшін таңсық емес", - деді көлік саласына жауапты министр.
Жаңалықтар
0