https://sputnik.kz/20231204/kasiptik-biliktilikti-tanu-ushin-kasipter-tizilimi-zhasaldy-40602835.html
Кәсіптік біліктілікті тану үшін Кәсіптер тізілімі жасалды
Кәсіптік біліктілікті тану үшін Кәсіптер тізілімі жасалды
Sputnik Қазақстан
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға мүмкіндік береді 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T13:05+0500
2023-12-04T13:05+0500
2023-12-04T13:05+0500
жұмыс берушілер
https://sputnik.kz/img/1165/19/11651906_0:63:1198:737_1920x0_80_0_0_cd5ee07d24130f6c3eab273b5c3728da.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда кәсіптік біліктілікті тану үшін алғаш рет Кәсіптер тізілімі жасалды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Құжатпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады, онда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу бойынша жаңа функционал іске қосылды.Тізілімге біліктілікті тану міндетті болып саналатын 136 кәсіп және біліктілікті ерікті негізде тану үшін 360 кәсіп енгізілген."Осылайша енгізілген жүйе, біріншіден, өз құзыретін нақты бағалауға, екіншіден, формалды немесе балама білім арқылы алынған білімдерін, дағдыларын растауды құжаттауға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде танитын ұйымдар Career Enbek цифрлық платформасында аккредиттеуден өте алады.Аккредиттеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:Тану орталықтарының жұмысын бастау мансаптық мүмкіндіктердің дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады, ал тану орталықтарын аккредиттеу жұмыс берушілер тарапынан сертификатталған қызметкерлерге деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға, олардың кәсіби деңгейіне сәйкес келетін жалақы алуға, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие болу үшін өз дағдыларының деңгейін үнемі арттыруға мүмкіндік береді.Кәсіптер тізілімі және кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу тәртібі туралы толық ақпаратпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/19/11651906_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_ba2be31751cd57c494c082c22191ae2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс берушілер
Кәсіптік біліктілікті тану үшін Кәсіптер тізілімі жасалды
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда кәсіптік біліктілікті тану үшін алғаш рет Кәсіптер тізілімі жасалды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
"496 кәсіпті қамтитын кәсіптік біліктілікті міндетті және ерікті негізде тану үшін алғашқы Кәсіптер тізілімі жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Құжатпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады, онда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу бойынша жаңа функционал іске қосылды.
Тізілімге біліктілікті тану міндетті болып саналатын 136 кәсіп және біліктілікті ерікті негізде тану үшін 360 кәсіп енгізілген.
"Осылайша енгізілген жүйе, біріншіден, өз құзыретін нақты бағалауға, екіншіден, формалды немесе балама білім арқылы алынған білімдерін, дағдыларын растауды құжаттауға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде танитын ұйымдар Career Enbek цифрлық платформасында аккредиттеуден өте алады.
Аккредиттеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
өтінімді қабылдау және қарау;
ұсынылған құжаттардың сараптамасы;
өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
аккредиттеу аттестатын беру;
аккредиттеуден кейінгі шарт жасасу.
Тану орталықтарының жұмысын бастау мансаптық мүмкіндіктердің дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады, ал тану орталықтарын аккредиттеу жұмыс берушілер тарапынан сертификатталған қызметкерлерге деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға, олардың кәсіби деңгейіне сәйкес келетін жалақы алуға, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие болу үшін өз дағдыларының деңгейін үнемі арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіптер тізілімі және кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу тәртібі туралы толық ақпаратпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады.