Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады

© AP Photo / Salvatore AllegraЖанартау, архивтегі фото
Жанартау, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Түтін мен күл 3000 метр биіктікке көтерілді
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Индонезияның Суматра аралында елдегі ең белсенді Мерапи жанартауы атқылады.
Лава кратерден (жанартаудың ауызы) 1,5 шақырым жерге жайылды, деп хабарлады Индонезияның Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігі.
Жергілікті тұрғындарға жанартауға жақындамауға кеңес берілді.
Биіктігі екі мың метрлік Мерапи Индонезиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі саналады. Ғалымдар оны Қиямет жанартауы деп атаған; оның толық атқылауы бүкіл әлемдік экономиканың күйреуіне әкелуі мүмкін.
Жанартау соңғы рет 2010 жылы қатты атқылап, 353 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
0