https://sputnik.kz/20231204/elimizde-memlekettik-zhekeshelik-ariptestik-arqyly-40-tan-asa-aleumettik-nysan-salynady-40609034.html
Елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 40-тан аса әлеуметтік нысан салынады
Елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 40-тан аса әлеуметтік нысан салынады
Sputnik Қазақстан
Жобалардың жалпы құны 261 млрд теңгеден асады 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T15:49+0500
2023-12-04T15:49+0500
2023-12-04T15:49+0500
қоғам
нысандар
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854240_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_eb73ceca7168571c26521d9186b08ad8.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Елімізде алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 40-тан астам әлеуметтік объекті ашу жоспарланып отыр.Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Кешенді жоспарда жобаларды сметалық құнының 30%-і көлемінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру көзделген. Қалған 70%-ін жеке серіктес тартуы керек.Мәселен, 7,9 мың орынға арналған 9 студенттер жатақханасын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ президенттің жолдауын іске асыру аясында жаңа жатақханалар ашылмақ. Атап айтқанда, 2023 жылы 10,4 мың орындық 43 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жалпы, барлық қаржы көзі есебінен 2028 жылға дейін 55,5 мың орын пайдалануға беріледі.Сонымен қатар жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделген. Бұл азаматтарды медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.Спорт саласында жаңа 8 спорт залы салынады.Білім беру жүйесінде 5 оқу-сауықтыру орталығын, 5 оқушылар сарайын және 10 өнер мектебін салу бойынша жобалар іске асырылады.Барлық бағыт бойынша жаңа объектілердің жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.
https://sputnik.kz/20230926/200-den-astam-auylda-meditsinalyq-nysan-zhoq-38787348.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854240_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e7d51e7729d2e45534eb634fd01a519c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нысандар
Елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 40-тан аса әлеуметтік нысан салынады
Жобалардың жалпы құны 261 млрд теңгеден асады
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Елімізде алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 40-тан астам әлеуметтік объекті ашу жоспарланып отыр.
Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кешенді жоспарда жобаларды сметалық құнының 30%-і көлемінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру көзделген. Қалған 70%-ін жеке серіктес тартуы керек.
"Жоспарда жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және білім беру салалары бойынша жалпы 43 объект қамтылған. Құрылыстан кейін жеке серіктестер 10 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді басқарып, қамтамасыз етеді. Ал объектілер пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік меншікке өтеді", - деп атап өтті үкіметтегілер.
Мәселен, 7,9 мың орынға арналған 9 студенттер жатақханасын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ президенттің жолдауын іске асыру аясында жаңа жатақханалар ашылмақ. Атап айтқанда, 2023 жылы 10,4 мың орындық 43 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жалпы, барлық қаржы көзі есебінен 2028 жылға дейін 55,5 мың орын пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделген. Бұл азаматтарды медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Спорт саласында жаңа 8 спорт залы салынады.
Білім беру жүйесінде 5 оқу-сауықтыру орталығын, 5 оқушылар сарайын және 10 өнер мектебін салу бойынша жобалар іске асырылады.
Барлық бағыт бойынша жаңа объектілердің жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.