Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжайды субсидиялай бастады

© Павел Лисицын / Медиабанкке өтуРассада - рекадр
Рассада - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Өтінім 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжайды субсидиялай бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
АШМ өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді. Түзетулер маусымаралық кезеңде 1 гектарға шығынды (электр энергиясы, газ, көмір үшін) субсидиялауды көздейді.
"Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуге тиіс. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін биылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті", - деп жазылған хабарламада.
Өтінім 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады.
2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 756 өтінім қабылданып, фермерлік жылыжайлар үшін 726 сертификат берілді. 30 өтінім қаралып жатыр.
Сонымен қатар АШМ инвестициялық субсидиялау аясында жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобаларын іске асыру кезінде үлесті 25%-дан 30%-ға дейін арттыру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізді. Бұл өзгеріс 2023 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді.
Жаңалықтар
0