https://sputnik.kz/20231204/arselormittaldyn-shottary-bugattaldy--kenshilerdin-barlyq-zharnasy-toqtatyldy-40612519.html
АрселорМитталдың шоттары бұғатталды – кеншілердің барлық жарнасы тоқтатылды
АрселорМитталдың шоттары бұғатталды – кеншілердің барлық жарнасы тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртаудың" шоттары бұғатталғаннан кейін кеншілердің медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары түспей... 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T18:20+0500
2023-12-04T18:20+0500
2023-12-04T18:20+0500
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849117_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_01551cc7399a11a5c1d37fa752623185.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртаудың" шоттары бұғатталғаннан кейін кеншілердің медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары түспей қалды, деп хабарлайды Ekaraganda.Порталдың редакциясына Костенко шахтасындағы апатта аман қалған 28 кенші арызданды. Барлығы ауруханадан шықты. Қазіргі кезде үйде емделіп жүр. Бірақ медициналық қызметтен қағылуы мүмкін. Себебі медициналық сақтандыру жарналары түспей қалды. Соңғы айдың төлемі аударылмады. Сөйтсе, "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бәрі ондай проблема тап болды. Себебі компанияның шоттары бұғатталды.Медициналық сақтандыру қорының облыстық филилы бір айлық жарнаның түспей қалғанын растады. Ал "Медициналық сақтандыру туралы" заңға сәйкес, медициналық көмек алу үшін соңғы 12 айдың жарнасы аударылуы тиіс.Сондай-ақ, кеншілердің зейнетақы жарналары да түспей қалған.Айта кетері, қазіргі кезде Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура оны бақылауда ұстап отыр. Қадағалау органының басшысы Берік Асылов депутаттарға жіберген жауабында "АрселорМиттал Теміртаудың" тәріпке неге себепті бағынбағанын айтты. https://sputnik.kz/20231204/arselormittal-tartipke-nege-bagynbady--bas-prokuror-negizgi-sebebin-atady-40601142.html28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849117_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_7f5cccfa6097b83d65898c0100d89352.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртаудың" шоттары бұғатталғаннан кейін кеншілердің медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары түспей қалды, деп хабарлайды Ekaraganda.
Порталдың редакциясына Костенко шахтасындағы апатта аман қалған 28 кенші арызданды. Барлығы ауруханадан шықты. Қазіргі кезде үйде емделіп жүр. Бірақ медициналық қызметтен қағылуы мүмкін. Себебі медициналық сақтандыру жарналары түспей қалды. Соңғы айдың төлемі аударылмады. Сөйтсе, "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бәрі ондай проблема тап болды. Себебі компанияның шоттары бұғатталды.
Медициналық сақтандыру қорының облыстық филилы бір айлық жарнаның түспей қалғанын растады. Ал "Медициналық сақтандыру туралы" заңға сәйкес, медициналық көмек алу үшін соңғы 12 айдың жарнасы аударылуы тиіс.
Сондай-ақ, кеншілердің зейнетақы жарналары да түспей қалған.
Айта кетері, қазіргі кезде Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура оны бақылауда ұстап отыр. Қадағалау органының басшысы Берік Асылов депутаттарға жіберген жауабында "АрселорМиттал Теміртаудың" тәріпке неге себепті бағынбағанын айтты. https://sputnik.kz/20231204/arselormittal-tartipke-nege-bagynbady--bas-prokuror-negizgi-sebebin-atady-40601142.html
28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.