https://sputnik.kz/20231204/almaty-oblysynda-ush-sudya-zhemqorlyq-zhasady-degen-kudikke-ilindi-40608134.html
Алматы облысында үш судья жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Алматы облысында үш судья жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T15:00+0500
2023-12-04T15:00+0500
2023-12-04T15:00+0500
судья
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының үш судьясы жемқорлық жасады деген күдіккен ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Қазіргі уақытта Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінген.Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына да қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Антикордың хабарлауынша, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
судья, сыбайлас жемқорлық
судья, сыбайлас жемқорлық
Алматы облысында үш судья жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының үш судьясы жемқорлық жасады деген күдіккен ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінген.
"Сондай-ақ Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған", - дейді ведомстводағылар.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына да қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Антикордың хабарлауынша, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталып жатыр.