Түркістанда 4 жасар бүлдіршінді іздеу әлі жалғасып жатыр

© Photo : ҚР ІІМ баспасөз қызметіТүркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті
Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2023
Жазылу
Көмекке волонтерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылды
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында 4-жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды полиция. Бала 1 желтоқсан күні кешке ойнауға шығып, із-түзсіз кеткен.
Полицейлер іздестіру жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда. Көмекке волонтерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылды. Сондай-ақ дрон құрылғысы мен иісшіл иттер жұмылдырылды.
Жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге таратылды.
Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған.
"Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінде.
Жаңалықтар
0