https://sputnik.kz/20231203/turkistan-oblysynda-zhogalgan-tort-zhasar-baqyt-aybardyn-denesi-tabyldy-40589103.html
Түркістан облысында жоғалған төрт жасар баланың денесі табылды
Түркістан облысында жоғалған төрт жасар баланың денесі табылды
Sputnik Қазақстан
Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады 03.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-03T14:51+0500
2023-12-03T14:51+0500
2023-12-03T15:04+0500
түркістан облысы
бала
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_8eb3c2f5c7f47f63e5f147225504ccbc.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған 4 жасар баланың денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары іздеу шаралары кезінде жақын маңдағы аумақтар мен тұрғын үйлерді аралап шықты. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала барады деген басқа да орындар тексерілді. Қазіргі кезде оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы да келді. Мамандар осы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Айта кетері, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта келіп түсті. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының үйге қайта оралмағанын жеткізген. Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_393:0:2642:1687_1920x0_80_0_0_27a4284e4a256c3230a884cf1714d146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, бала
Түркістан облысында жоғалған төрт жасар баланың денесі табылды
14:51 03.12.2023 (жаңартылды: 15:04 03.12.2023) Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған 4 жасар баланың денесін тапты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары іздеу шаралары кезінде жақын маңдағы аумақтар мен тұрғын үйлерді аралап шықты. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала барады деген басқа да орындар тексерілді.
"Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы да келді. Мамандар осы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Айта кетері, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта келіп түсті. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының үйге қайта оралмағанын жеткізген. Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды.