https://sputnik.kz/20231203/qazaqstanda-dauyldy-eskertu-zhariyalandy-40590548.html
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
Елдің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі 03.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-03T17:49+0500
2023-12-03T17:49+0500
2023-12-03T17:49+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994899_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_30f537dc26d21afa67a6187c49905262.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қызылорда облысында 4 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ал облыс орталығында кей уақытта тұман түседі. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қонаев қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Ал желдің жылдамдығы кей уақыттарда секундына 25 метрге дейін жетеді. Облыс орталығында түнде бұрқасын, көктайғақ. Қатты жел болады. Жамбыл облысында 4-0 желтоқсан күндері облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Екі күні бойы желдің екпіні 23-28 м/с болады деген болжам бар. 5 желтоқсанда тұман түседі. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Батыс Қазақстаның батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман түседі. Орал қаласында көктайғақ, түнде екпіні 18 м/с жел соғады. Ақмола облысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі, қатты жел соғады. Көкшетау қаласында желдің екпіні түнде күшейді. Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Абай мен Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жел соғады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Облыс орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз солүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Ақтөбе қаласында күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Түркістан мен Шымкент қаласында тұман түседі. Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр, кей кезде 25 метрге дейін күшейеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994899_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_25ca1baef2b8ba0f4a20a87be8884b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қызылорда облысында 4 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ал облыс орталығында кей уақытта тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қонаев қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Ал желдің жылдамдығы кей уақыттарда секундына 25 метрге дейін жетеді. Облыс орталығында түнде бұрқасын, көктайғақ. Қатты жел болады.
Жамбыл облысында 4-0 желтоқсан күндері облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Екі күні бойы желдің екпіні 23-28 м/с болады деген болжам бар. 5 желтоқсанда тұман түседі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Батыс Қазақстаның батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман түседі. Орал қаласында көктайғақ, түнде екпіні 18 м/с жел соғады.
Ақмола облысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі, қатты жел соғады. Көкшетау қаласында желдің екпіні түнде күшейді.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Абай мен Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жел соғады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Облыс орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз солүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Ақтөбе қаласында күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Түркістан мен Шымкент қаласында тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр, кей кезде 25 метрге дейін күшейеді.