Израильдің орталығына Газадан 11 зымыран ұшырылды - БАҚ

© AP Photo / Mohammed DahmanОбстрел сектора Газа
Обстрел сектора Газа  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2023
Жазылу
Жұма күні екі жақ арасындағы бітімнің мерзімі аяқталған болатын
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Газадан Израильдің орталығына қарай кем дегенде 11 зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Ynet (Израиль БАҚ).
Бұған дейін Израильдің орталығы мен оңтүстігінде әуе дабылы қосылған болатын.
"Сенбі күні кешкі уақытта Газадан Израильдің орталығына кем дегенде 11 зымыран ұшырылды. Соның басым бөлігіне "Темір күмбезбен" (зымыранға қарсы жүйе – ред.) бөгет қойылды", - деп жазды басылым.
Бұдан бөлек, осы жүйенің бір тосқауылшы зымыраны істен шықты деген ақпарат тараған. Қазіргі кезде Израильдің армиясы тергеу шараларын өткізіп жатыр. Жұма күні екі жақ арасындағы бітімнің мерзімі аяқталған болатын.
7 қазанда ХАМАС Израильге зымырандармен шабуыл жасады. Ал сарбазбар оңтүстік аудандарға баса көктеп кірді, әскерилерге және бейбіт адамдарға оқ атты. Жүздеген адамды кепілге алды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, шамамен 1,2 мың адам қаза тапты. Олардың ішінде 300-ден астам әскери қызметші бар. Сол кезде 5 мың адам жарақат алды. Израиль Газа секторын да зымыранмен атқылады. Одан кейін шекараға жақын аудандарды бақылауға алды. Газа секторына су, азық-түлік, электр энергиясын, дәрі-дәрмек пен отын жеткізу тоқтатылды.
Соңғы мәліметке сәйкес, Газа секторында қаза тапқан адамдардың саны 16 мыңнан асты. 35 мыңнан астамы жарақат алды. Құрбандардың жартысынан көбі – әйелдер мен балалар. БҰҰ дабыл қағып отыр. Газа секторында екі миллионнан астам адамның жағдайы өте қиын, азық-түлік тапшы, су жоқ.
Жаңалықтар
0