https://sputnik.kz/20231203/aurukhananyn-bas-darigeri-politseydi-basyp-kete-zhazdady--zhelide-video-tarap-ketti-40588228.html
Аурухананың бас дәрігері полицейді басып кете жаздады – желіде видео тарап кетті
Аурухананың бас дәрігері полицейді басып кете жаздады – желіде видео тарап кетті
Sputnik Қазақстан
Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен 03.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-03T13:20+0500
2023-12-03T13:20+0500
2023-12-03T13:20+0500
ақмола облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15454205_130:0:3771:2048_1920x0_80_0_0_5e066e56c57afd9b871a6bf1961b6bf6.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысындағы Жақсы ауылында полицейге бағынбаған әйел видеоға түсіп қалды. Ол жергілікті аурухананың бас дәрігері болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Видеоға түсірген адамның айтуынша, бұл оқиға 30 қарашада болған. Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен. Оған қоса, белдігін де тақпапты. Ақмола облыстық полиция депаратменті осы оқиға бойынша ресми ақпарат таратты. "Жақсы аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау) мен 591-бабы, 1-бөлігі (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер. Сондай-ақ, Volkswagen Passat пен Hyundai Accent жүргізушілері "Кіруге тыйым салынады" деген белгіні елемегені әкімшілік жауапқа тартылды.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15454205_585:0:3316:2048_1920x0_80_0_0_afae826501141ad22ff5ed6d6270dba7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, полиция
Аурухананың бас дәрігері полицейді басып кете жаздады – желіде видео тарап кетті
Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысындағы Жақсы ауылында полицейге бағынбаған әйел видеоға түсіп қалды. Ол жергілікті аурухананың бас дәрігері болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Видеоға түсірген адамның айтуынша, бұл оқиға 30 қарашада болған. Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен. Оған қоса, белдігін де тақпапты.
"Полиция қымзметкері оны тоқтатып тұр. Бірақ ол құқық қорғаушының заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан кетіп қалды. Сонда бізде Жақсыда бас дәрігерге қарсы шара қолдана алмай ма? Әлде ол сияқты адамдарға заң жазылмаған ба?", - дейді видео авторы.
Ақмола облыстық полиция депаратменті осы оқиға бойынша ресми ақпарат таратты.
"Жақсы аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау) мен 591-бабы, 1-бөлігі (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ, Volkswagen Passat пен Hyundai Accent жүргізушілері "Кіруге тыйым салынады" деген белгіні елемегені әкімшілік жауапқа тартылды.