Қоғам

Шенеуніктер мен өндірушілер жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын ұстап тұруға уағдаласты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы және Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы меморандумға қол қойды
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. С1 санатындағы жұмыртқалар жыл соңына дейін қымбаттамайды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Сауда министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
"Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесіп 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады", - делінген хабарламада.
Министрлік сауда нысандарында сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізеді.
Яйца - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Үкімет жұмыртқаның қымбаттап бара жатқанына алаңдаулы
Жаңалықтар
0