https://sputnik.kz/20231202/resey-desantshylary-dnepr-ozeninen-otpekshi-bolgan-ukrainalyq-askerilerge-shabuyl-zhasady-40583293.html
Ресей десантшылары Днепр өзенінен өтпекші болған украиналық әскерилерге шабуыл жасады
Ресей десантшылары Днепр өзенінен өтпекші болған украиналық әскерилерге шабуыл жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік десантшылар Херсон облысында Днепр өзенінің оң жағалауында Украинаның қарулы күштерінің жеке құрамын жойып жіберді, деп... 02.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-02T18:27+0500
2023-12-02T18:27+0500
2023-12-02T18:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1c/40476747_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_cededbd4cb499ec5f7a91be03a048434.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік десантшылар Херсон облысында Днепр өзенінің оң жағалауында Украинаның қарулы күштерінің жеке құрамын жойып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, десантшылардың ұшқышсыз барлау аппараттары Днепрдың оң жағалауында украиндық әскерилердің жүзу құралдарын анықтады. Оған жеке құрам отырып жатқан. Барлығы өзеннің сол жағалауына өтіп кетпекші болды."Анықталған нысаналарды жою үшін әуе-десанттық әскерге қарасты құраманың басшылығы "Ланцет" атты барраждау оқ-дәрісін қолдануға шешім қабылдады. Операторлар барлық нысананы жойды. Соның ішінде бірнеше моторлы қайық, жүк көлігі, сондай-ақ, жеке құрамның біраз бөлігі мен басқа да құралдар бар", - делінген ресми хабарламада.Операторлар ұшқышсыз аппараттарды қашықтан өздері басқарып отырды. Бұдан бөлек, ресейлік әскердің "Батыс" тобы Купянск бағытында бірнеше нысананы жойды. Оларға авиация мен артиллерия да көмектесті. Украина қарулы күштерінің шығыны бір ротадан асты. Дәл осы бағытта жасырылған бекініс пункті де жойылды."Батыс" әскери тобының барлаушылары ұшқышсыз аппараттардың көмегімен жаудың бекіністерін анықтады. Координаттар бірден танкілерге қарсы "Рапира" зеңбірегінің 100-ші есебіне жіберілді. Зеңбірекшілер дүркіндетіп оқ атты. Соның нәтижесінде жасырылған бекініс пункті жойылды", - дейді топтың баспасөз қызметі бастығы Сергей Зыбинский.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1c/40476747_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1164169e707698f53ca9ee07938d704b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік десантшылар Херсон облысында Днепр өзенінің оң жағалауында Украинаның қарулы күштерінің жеке құрамын жойып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, десантшылардың ұшқышсыз барлау аппараттары Днепрдың оң жағалауында украиндық әскерилердің жүзу құралдарын анықтады. Оған жеке құрам отырып жатқан. Барлығы өзеннің сол жағалауына өтіп кетпекші болды.
"Анықталған нысаналарды жою үшін әуе-десанттық әскерге қарасты құраманың басшылығы "Ланцет" атты барраждау оқ-дәрісін қолдануға шешім қабылдады. Операторлар барлық нысананы жойды. Соның ішінде бірнеше моторлы қайық, жүк көлігі, сондай-ақ, жеке құрамның біраз бөлігі мен басқа да құралдар бар", - делінген ресми хабарламада.
Операторлар ұшқышсыз аппараттарды қашықтан өздері басқарып отырды. Бұдан бөлек, ресейлік әскердің "Батыс" тобы Купянск бағытында бірнеше нысананы жойды. Оларға авиация мен артиллерия да көмектесті. Украина қарулы күштерінің шығыны бір ротадан асты. Дәл осы бағытта жасырылған бекініс пункті де жойылды.
"Батыс" әскери тобының барлаушылары ұшқышсыз аппараттардың көмегімен жаудың бекіністерін анықтады. Координаттар бірден танкілерге қарсы "Рапира" зеңбірегінің 100-ші есебіне жіберілді. Зеңбірекшілер дүркіндетіп оқ атты. Соның нәтижесінде жасырылған бекініс пункті жойылды", - дейді топтың баспасөз қызметі бастығы Сергей Зыбинский.