https://sputnik.kz/20231202/qyz-zhibek-algash-ret-parizhde-korsetildi-40578539.html
"Қыз Жібек" алғаш рет Парижде көрсетілді
"Қыз Жібек" алғаш рет Парижде көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр 02.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-02T11:49+0500
2023-12-02T11:49+0500
2023-12-02T11:49+0500
мәдениет
фильм
париж
https://sputnik.kz/img/1268/88/12688887_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_61b1677cd16f8e7bcac4b5f853ac1fae.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Париж тұрғындары қазақ киносында аты аңызға айналған "Қыз Жібек" фильмін тамашалады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жолғы фестиваль режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналды. Парижге басты рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова да келді.Азия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруанға қазақтың туындысы қатты ұнады."Қыз Жібек" – керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді", - деп атап өтті Теруан.Қазақ киносының бесінші фестивалінде Қыз Жібектен бөлек Бақыт драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценарийі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.
https://sputnik.kz/20231104/qazaqstandyq-ush-film-birden-aziya-oskary-nominatsiyasyn-zhenip-aldy-39918456.html
париж
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1268/88/12688887_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_42085da007bd9763b0688e9b5688bfbd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фильм, париж
"Қыз Жібек" алғаш рет Парижде көрсетілді
Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Париж тұрғындары қазақ киносында аты аңызға айналған "Қыз Жібек" фильмін тамашалады, деп хабарлайды
"Хабар 24" арнасы.
Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жолғы фестиваль режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналды. Парижге басты рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова да келді.
"Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмнің режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойламаған шығар", - дейді Өтекешова.
Азия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруанға қазақтың туындысы қатты ұнады.
"Қыз Жібек" – керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді", - деп атап өтті Теруан.
Қазақ киносының бесінші фестивалінде Қыз Жібектен бөлек Бақыт драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценарийі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.
Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.