Әлем

ДДСҰ басшысы Газа секторына қатысты мәлімдеме жасады

© AP Photo / Ariel SchalitАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
Ұйым басшысы екі жақты кепілге алған адамдарды босатуға шақырды
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Газа секторына баратын гуманитарлық көмек Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы бітім кезіндегі көлемде жеткізілуі қажет. Бірақ соның өзі жеткіліксіз болып тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйым басшысы зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндеді. Сондай-ақ, екі жақты кепілге алған адамдарды босатуға шақырды. Газа секторының блокадасын да доғару қажет.
"Ал Газа секторына аса қажетті заттарды жеткізуді шұғыл қалпына келтіру керек. Оның көлемі кем дегенде жақында болған бітім кезіндегі көлемде болуы шарт. Бірақ одан да көп көмек керек болып тұр", - деп жазды Гебрейесус әлеуметтік желіде.
7 қазанда ХАМАС Израильге зымырандармен шабуыл жасады. Ал сарбаздар оңтүстік аудандарға баса көктеп кірді, әскерилерге және бейбіт адамдарға оқ атты. Жүздеген адамды кепілге алды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, шамамен 1,2 мың адам қаза тапты. Олардың ішінде 300-ден астам әскери қызметші бар. Сол кезде 5 мың адам жарақат алды.
Израиль Газа секторын да зымыранмен атқылады. Одан кейін шекараға жақын аудандарды бақылауға алды. Газа секторына су, азық-түлік, электр энергиясын, дәрі-дәрмек пен отын жеткізу тоқтатылды.
Соңғы мәліметке сәйкес, Газа секторында қаза тапқан адамдардың саны 16 мыңнан асты. 35 мыңнан астамы жарақат алды. Құрбандардың жартысынан көбі – әйелдер мен балалар. БҰҰ дабыл қағып отыр. Газа секторында екі миллионнан астам адамның жағдайы өте қиын, азық-түлік тапшы, су жоқ.
Газа секторын атқылау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
Израиль Хамасты уақытша бітімді бұзды деп айыптап, Газа секторына оқ жаудырды
Жаңалықтар
0