Қоғам

Белгілі сатирик Асқар Наймантаев өмірден өтті

© Фото с личной страницы Аскара Наймантаева ВКонтактеАсқар Наймантаев
Асқар Наймантаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
Актер көпшілікке "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы танымал
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Белгілі сатирик, театр және кино актері Асқар Наймантаев өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.
1965 жылы дүниеге келген актер көпшілікке "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы танымал.
Наймантаев "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрларын ашып, кино және театр сахнасында бірқатар рөлімен есте қалды. "Бүгін менің туған күнім" атты концерттік жобасы республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде есте қалды. "Мұқағали атындағы сыйлықтың" құрылтайшысы болды.
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген.
2008 жылғы 8 желтоқсан күнгі Жарлық бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Бірнеше пьеса, киносценарийлер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты.
Бердібек Сапарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Қоғам
Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Жаңалықтар
0