https://sputnik.kz/20231201/qtzh-kasipkerlerge-negizsiz-talappen-kedergi-keltirgen-40566824.html
ҚТЖ кәсіпкерлерге негізсіз талаппен кедергі келтірген
ҚТЖ кәсіпкерлерге негізсіз талаппен кедергі келтірген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. 2 млрд теңгеге құрылыс салмақ болған кәсіпкерге ҚТЖ негізсіз талаппен кедергі келтірген, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы. 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T15:00+0500
2023-12-01T15:00+0500
2023-12-01T15:00+0500
теміржол
жеке кәсіпкерлер
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. 2 млрд теңгеге құрылыс салмақ болған кәсіпкерге ҚТЖ негізсіз талаппен кедергі келтірген, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.Екібастұздық кәсіпкер жеті ай бойы ҚТЖ-дан заңды жауап ала алмаған. Ол Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдар арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 млрд теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған.Дәл осындай жағдай бұдан бұрын да болған. ҚТЖ үш кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттарының жоқ екенін айтқан."Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған."Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның "ойдан шығарылған" әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды. Магистральдық желі операторының мұндай заңсыз әрекеттері құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соғады", - дейді Бас прокуратура.Қазіргі күні "ойдан шығарылған" талаппен кәсіпкерлерге кедергі келтірген басшының мәселесі прокуратурада тексеріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, жеке кәсіпкерлер, прокуратура
теміржол, жеке кәсіпкерлер, прокуратура
ҚТЖ кәсіпкерлерге негізсіз талаппен кедергі келтірген
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. 2 млрд теңгеге құрылыс салмақ болған кәсіпкерге ҚТЖ негізсіз талаппен кедергі келтірген, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Екібастұздық кәсіпкер жеті ай бойы ҚТЖ-дан заңды жауап ала алмаған. Ол Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдар арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 млрд теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған.
“Кәсіпкерге жобаларды дамыту үшін темір жолға кірме жол қажет болған. Алайда "ҚТЖ" ҰК" АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвестордың құрылысына келісуден бас тартқан. ҚТЖ биыл қазанда кәсіпкерге өз қаражатынан тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген", - дейді ведомстводағылар.
Дәл осындай жағдай бұдан бұрын да болған. ҚТЖ үш кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттарының жоқ екенін айтқан.
"Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған.
"Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның "ойдан шығарылған" әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды. Магистральдық желі операторының мұндай заңсыз әрекеттері құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соғады", - дейді Бас прокуратура.
Қазіргі күні "ойдан шығарылған" талаппен кәсіпкерлерге кедергі келтірген басшының мәселесі прокуратурада тексеріліп жатыр.