https://sputnik.kz/20231201/qazaqstanda-zhas-galymdarga-arnalgan-turgyn-uy-bagdarlamasy-iske-qosyldy-40558930.html
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бағдарлама бес жылға есептелген, осы мерзімде жас ғалымдар қолжетімді шарттармен баспаналы бола алады 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T11:45+0500
2023-12-01T11:45+0500
2023-12-01T11:45+0500
қоғам
тұрғын үй бағдарламасы
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Елімізде жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды "Отбасы банктің" баспасөз қызметі.Отбасы банк пен ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында бүгін, 1 желтоқсаннан бастап ғалымдардан несие алуға өтініш қабылданады.Бағдарлама ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына 5 жыл бойы қолжетімді шарттармен баспана алу мүмкіндігін береді.Ғылым министрлігі ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тiзімін құрып, банкке ұсынады. Ал қатысушылар пулын жұмыс беруші белгілейді."Ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары қол қойған жолдаманы алған қызметкерлер төлем қабілеттілігін бағалату үшін банкке жолдама алады", - делінген хабарламада.Бағдарлама шарттарыБаспананы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып алуға болады.Сондай-ақ "Жасыл ипотека" бағдарламасы аясында да несие алу мүмкіндігі бар. Оның ең жоғары сомасы 35 млн теңгені құрайды. Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 8% (ЖТСМ 8,2%-тен бастап). Алғашқы жарна – 20%-дан 50%-ға дейін.Бағдарламаға қатысатын ғалымдардың жасы 40 жастан аспауға тиіс. Оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй бағдарламасы, ғалымдар
тұрғын үй бағдарламасы, ғалымдар
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Бағдарлама бес жылға есептелген, осы мерзімде жас ғалымдар қолжетімді шарттармен баспаналы бола алады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Елімізде жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды "Отбасы банктің" баспасөз қызметі.
Отбасы банк пен ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында бүгін, 1 желтоқсаннан бастап ғалымдардан несие алуға өтініш қабылданады.
Бағдарлама ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына 5 жыл бойы қолжетімді шарттармен баспана алу мүмкіндігін береді.
"Ғалымдарымыз күнделікті мәселелерді ойламай, ғылымға ден қоюы үшін біз өз тарапымыздан оларға баспана мәселесін шешуге көмектесуге дайынбыз. Біз ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Отбасы банкінен жылдық мөлшерлемесі – 5%, ең төменгі 10%-тік алғашқы жарнамен несие алуға мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосып жатырмыз", - деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Ғылым министрлігі ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тiзімін құрып, банкке ұсынады. Ал қатысушылар пулын жұмыс беруші белгілейді.
"Ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары қол қойған жолдаманы алған қызметкерлер төлем қабілеттілігін бағалату үшін банкке жолдама алады", - делінген хабарламада.
Баспананы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып алуға болады.
кредиттің жылдық мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ 5,2% бастап).
алғашқы жарна 10%-тен 50%-ке дейін болады.
бағдарлама қатысушысына берілетін ең жоғары қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін.
Сондай-ақ "Жасыл ипотека" бағдарламасы аясында да несие алу мүмкіндігі бар. Оның ең жоғары сомасы 35 млн теңгені құрайды. Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 8% (ЖТСМ 8,2%-тен бастап). Алғашқы жарна – 20%-дан 50%-ға дейін.
Бағдарламаға қатысатын ғалымдардың жасы 40 жастан аспауға тиіс. Оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек.