https://sputnik.kz/20231201/qazaqstan-1-qantardan-bastap-munay-ondirudi-tauligine-tagy-82-myn-barrelge-qysqartady-40550668.html
Қазақстан 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне тағы 82 мың баррельге қысқартады
Қазақстан 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне тағы 82 мың баррельге қысқартады
Sputnik Қазақстан
Осылайша Қазақстанда 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррель мұнай өндіріледі 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T08:11+0500
2023-12-01T08:11+0500
2023-12-01T08:11+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп ерікті түрде мұнай өндіруді қосымша тәулігіне 82 мың баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Шешім 30 қарашада өткен JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінде қабылданды.Отырысқа Қазақстан атынан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Онда 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.Осылайша Қазақстанда мұнай өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды. Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Қазақстан 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне тағы 82 мың баррельге қысқартады
Осылайша Қазақстанда 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррель мұнай өндіріледі
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп ерікті түрде мұнай өндіруді қосымша тәулігіне 82 мың баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылғы сәуірде қабылдаған, 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін созылатын тәулігіне 78 мың баррельге ерікті қысқартуға қосымша болып саналады", - деп атап өтті министрлік.
Шешім 30 қарашада өткен JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінде қабылданды.
Отырысқа Қазақстан атынан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Онда 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.
Осылайша Қазақстанда мұнай өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды.
Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі.