https://sputnik.kz/20231201/ishki-suranys-eaeo-dagy-ekonomikalyq-osimnin-negizgi-drayverine-aynaldy-40556441.html
Ішкі сұраныс ЕАЭО-дағы экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналды
Ішкі сұраныс ЕАЭО-дағы экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналды
Sputnik Қазақстан
ЕЭК макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО-дағы макроэкономикалық ахуал туралы баяндаманың және орнықты экономикалық дамуды... 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T10:40+0500
2023-12-01T10:40+0500
2023-12-01T10:40+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40555052_0:0:1400:789_1920x0_80_0_0_a7912e4a5960cb3ff4c80b3418aa9e0f.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 2024-2025 жылдары ЕАЭО-да жиынтық жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны тиісінше 2,5% және 2,7% болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьевтің айтуынша, ЕАЭО елдері үшін сыртқы даму шарттары күрделі күйінде қалып отыр.Бірақ одақ ішіндегі құрылымдық өзгерістер экономикалық өсудің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді деп санайды. Министр бірқатар шетелдік компанияның кетуі импорт ұсынысының едәуір бөлігін босатты деп санайды."Импортты өтеу үшін инвестицияны ұлғайту туралы мәселе туындайды, оның көздерінің бірі - ішкі қаржы ресурстары. Экономикадан капиталдың кетуін тоқтату керек", - деді Сергей Глазьев.Комиссия өкілдері ЕАЭО-да макроэкономикалық көрсеткіштердің көпшілігінде оң динамика байқалатын айтады. Макроэкономикалық саясат департаментінің мамандары ішкі сұраныс экономикалық өсудің негізгі драйверіне айналып отыр дейді. Сонымен бірге сыртқы сұраныс баяулаған. ЕАЭО елдері одақ нарығына көбірек бұрыла бастады.ЕАЭО-дағы өзара сауда белсенді дамып, неғұрлым қалыпты жағдайға түсе бастады. Бұған дейін Ресейден басқа барлық мүше мемлекеттерде өзара сауда шеңберінде теріс сальдо болса, ал 2023 жылы Армения мен Беларусьта оң сальдо қалыптасты, қалған елдерде теріс сальдо айтарлықтай төмендеді.Отырысқа қатысушылар сондай-ақ экономиканың дамуын болжау әдістері туралы баяндама жобасын және ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуының тұрақтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты қарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40555052_99:0:1311:909_1920x0_80_0_0_330e3baca2da534fb0881ad35f770296.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Ішкі сұраныс ЕАЭО-дағы экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналды
ЕЭК макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО-дағы макроэкономикалық ахуал туралы баяндаманың және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстардың жобасын дайындады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 2024-2025 жылдары ЕАЭО-да жиынтық жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны тиісінше 2,5% және 2,7% болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
"Комиссия 2026 жылға дейін өзара сауданың құны 100 миллиард долларға дейін өседі деп болжап отыр", - делінген хабарламада.
Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьевтің айтуынша, ЕАЭО елдері үшін сыртқы даму шарттары күрделі күйінде қалып отыр.Бірақ одақ ішіндегі құрылымдық өзгерістер экономикалық өсудің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді деп санайды. Министр бірқатар шетелдік компанияның кетуі импорт ұсынысының едәуір бөлігін босатты деп санайды.
"Импортты өтеу үшін инвестицияны ұлғайту туралы мәселе туындайды, оның көздерінің бірі - ішкі қаржы ресурстары. Экономикадан капиталдың кетуін тоқтату керек", - деді Сергей Глазьев.
Комиссия өкілдері ЕАЭО-да макроэкономикалық көрсеткіштердің көпшілігінде оң динамика байқалатын айтады. Макроэкономикалық саясат департаментінің мамандары ішкі сұраныс экономикалық өсудің негізгі драйверіне айналып отыр дейді. Сонымен бірге сыртқы сұраныс баяулаған. ЕАЭО елдері одақ нарығына көбірек бұрыла бастады.
ЕАЭО-дағы өзара сауда белсенді дамып, неғұрлым қалыпты жағдайға түсе бастады. Бұған дейін Ресейден басқа барлық мүше мемлекеттерде өзара сауда шеңберінде теріс сальдо болса, ал 2023 жылы Армения мен Беларусьта оң сальдо қалыптасты, қалған елдерде теріс сальдо айтарлықтай төмендеді.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ экономиканың дамуын болжау әдістері туралы баяндама жобасын және ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуының тұрақтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты қарады.