Саясат Нұрбек студенттер тұратын хостелдердің жағдайы туралы айтты

© Sputnik/Ертай СарбасовПресс-тур по студенческим общежитиям в Алматы
Пресс-тур по студенческим общежитиям в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Министр тамыз айындағы өзінің бұйрығыммен студенттерді хостелдерге орналастыру туралы тапсырма берген
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматыда хостельде болған өрт салдарынан 13 адам қайтыс болды. Олардың арасында жоғары оқу орнының екі студенті бар. Бұл туралы жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты.
"Өкінішке орай, осы апатта 2 студентімізден айырылып қалдық. Олардың бірі, Каспий қоғамдық университетінде білім алса, екіншісі Еуразия технологиялық университетінің студенті", - деп жазды министр.
Министр тамыз айындағы өзінің бұйрығыммен ЖОО ректорларына студенттерді хостелдерге орналастыру туралы тапсырма берілгенін айтты. Оның айтуынша, хостелдерде студенттерден өзге ешкімнің тұрмауын біз ерекше назарға алдық және де хостелдерде құзырлы орындамен бірлесіп, санитарлық-тазалық жұмыстары мен өртке қарсы техникалық қауіпсіздік күшейтілген.
"Бүгінгі күнге дейін университеттермен келісімшарт орнатқан хостелдерде ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алмағандығын жеткізгім келеді. Осыған байланысты Алматыдағы бірде-бір жоғары оқу орны студенттерін аталған жатақханаға орналастыруға ешқандай келісім жасалмағандығын хабарлаймыз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласындағы жатақханалар саны – 149, төсек-орын саны – 39 145 құрайды. Өткен жылы республика бойынша жатақханадағы орын тапшылығы 69 мың орынды құраса, бүгінгі күні тапшылық саны 17 448.
"Студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын жою үшін бүгінгі таңда ЖОО 7612 төсектік 87 нысанды (қонақ үйлер мен жатақханалар) жалға алды. Бірақ университеттер келісімшартқа отырған жалға алынған нысандарға өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуына қатысты жоғары талаптар қойылғандығын атап өтемін", - деді министр.
Жаңалықтар
0