https://sputnik.kz/20231130/qazaqstandyqtardy-sausaq-izin-tapsyruga-eshkim-mindettemeydi--zan-qabyldandy-40535600.html
Қазақстандықтарды саусақ ізін тапсыруға ешкім міндеттемейді – заң қабылданды
Қазақстандықтарды саусақ ізін тапсыруға ешкім міндеттемейді – заң қабылданды
Sputnik Қазақстан
Дактилоскопиялық тіркеуден өтуге тек шетелдіктер міндеттеледі 30.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-30T14:46+0500
2023-11-30T14:46+0500
2023-11-30T14:46+0500
заң
саусақ ізі
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40312138_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_33d99b46ddc4da77c0dea4178c56a369.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі 2024 жылдан бастап қазақстандықтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттейтін норманы алып тастайтын заңды қабылдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстан азаматтары үшін дактилоскопиялық тіркеуді алып тастау нормасы "Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған.Келесі жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады.Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ЖСН алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы енгізіледі.Мәжіліс депутаттары заңды екінші оқылымда қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.Бұған дейін ІІМ 2024 жылдан бастап Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндеттелетінін мәлімдеген еді.Дактилоскопия Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40312138_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4f9c52d9ef7763265c6f45c35cd7d3e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, саусақ ізі
Қазақстандықтарды саусақ ізін тапсыруға ешкім міндеттемейді – заң қабылданды
Дактилоскопиялық тіркеуден өтуге тек шетелдіктер міндеттеледі
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі 2024 жылдан бастап қазақстандықтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттейтін норманы алып тастайтын заңды қабылдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан азаматтары үшін дактилоскопиялық тіркеуді алып тастау нормасы "Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған.
Келесі жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады.
"Құжаттарды алған кезде Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігі алынып тасталады. Қазақстандықтар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте дактилоскопия шетелдік азаматтар үшін міндетті болады", - деді мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева төменгі палатаның жалпы отырысында.
Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ЖСН алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы енгізіледі.
Мәжіліс депутаттары заңды екінші оқылымда қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.
Бұған дейін ІІМ 2024 жылдан бастап Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндеттелетінін мәлімдеген еді.
Дактилоскопия Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде қолданылады.