Қарағандыда үш мыңнан астам кенші арнайы төлем алады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Төлемнің көлемі ең төмен күн көріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы керек, ол орта есеппен 208 мың теңге болады
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Қарағандыда ірі кәсіпорында жұмыс істейін 3 мыңнан астам кенші келер жылдан бастап арнайы төлем алатындардың тізіміне енді, деп хабарлады Хабар 24.
Ал ел бойынша 685 мың жұмысшы зиянды өндірісте жұмыс істейді. Төлемнің көлемі орта есеппен 208 мың теңге болады. Оны алу үшін жұмысшының жасы 55-тен асуға тиіс. Әрі кемінде 7 жыл зейнетақы жинағы болғаны да шарт.
Қазір заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенат қарауына жіберді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елде 2 мыңнан астам мамандық түрінің зиянды еңбекке жататынын атап өтті.
"Бұл төлемдер зейнет жасына дейін төленеді. Одан кейін бұл төлемдер тоқтатылады, 63-ке жеткенде ол азаматтарға базалық зейнетақы, ынтымақтастық зейнетақы төленеді. Қазір қолданыстағы методология бойынша төлемдердің мөлшері ең төмен күн көріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы керек", - деп атап өтті министр.
Шахтеры, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Шахтерлерге арнайы әлеуметтік төлем төленеді – мәжіліс заңды қабылдады
Жаңалықтар
0