Петропавлда мектеп оқушыларына балтамен шабуыл жасаған жасөспірімге сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Шабуыл осы жылдың 13 ақпанында болды, студент сотқа тура сегіз айдан кейін - 13 қазанда келді. Істі қарауға алқабилер қатысты
ПЕТРОПАВЛ, 30 қараша — Sputnik. Петропавлда үш оқушыға балтамен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарылды, сот айыпталушыны 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Тоғызыншы сынып оқушысының әрекеті Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі, 1, 9, 14-тармақтары бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) ксараланған.
Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Оған алқабилер қатысты.
Сот жабық режимде өтті, журналистер тек үкім жарияланар кезде шақырылды. Прокурор сотталушыны 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сараптамаларға сәйкес, сотталушының есі дұрыс және қылмыс жасаған кезде аффект жағдайында болмағаны анықталды. Сот кәмелетке толмаған сотталушыны кінәлі деп тапты.
"Сотталушы Давид Джакиладзеге жасаған қылмысының ауырлығын және оған өкінбейтінін ескере отырып, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді, жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстайтын қауіптілігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деп үкімді оқыды судья Әбдіқаххар Еркебаев.
Сондай-ақ сот екі жәбірленушіге 1,5 және 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап арызды қанағаттандырды.
Еске сала кетейік, 13 ақпан күні Петропавл қаласының 4-орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады.
Ол психиатриялық есепте тұрған.
Петропавлда мектепке балта алып келген оқушы үш баланы жарақаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Петропавлда мектепке балта алып келген оқушы үш баланы жарақаттады
Жаңалықтар
0