https://sputnik.kz/20231130/bul-khostel-turaly-akimdik-te-totenshe-zhagdaylar-deparatmenti-da-bilmegen--sharipkhanov-40538157.html
Бұл хостел туралы әкімдік те, төтенше жағдайлар депаратменті да білмеген – Шәріпханов
Бұл хостел туралы әкімдік те, төтенше жағдайлар депаратменті да білмеген – Шәріпханов
Sputnik Қазақстан
Ол бас прокуратура рұқсат берсе ғана хостелдер тексерілетінін айтты 30.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-30T16:13+0500
2023-11-30T16:13+0500
2023-11-30T16:19+0500
алматы
өрт
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1e/40527652_110:0:1171:597_1920x0_80_0_0_d3b4dc22b6a78fd2188eaff802b88ad2.jpg
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. 13 адамның өліміне себеп болған Алматыдағы хостел туралы Алматы қалалық әкімдігі де, төтенше жағдайлар департаменті де білмеген. Бұл туралы Алматы қалалық орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.Министр Сырым Шәріпханов құтқарушыларға тар жолдар мен ғимарттың тығыз орналасуы және қою түтін кедергі келтіргенін айтады.Марқұмдардың отбасына қаралы хабар берілген."Жақындарын жоғалтқандарға хабар берілді. Студенттер тұратын жері жоғын оқу орындарына айтпаған, тіпті, бұл хостелде тұратындарын да айтпаған. Бұл хостел туралы жергілікті әкімдік те, төтенше жағдайлар департаменті де білмеген. Адамдардың қандай жағдайда тұрып жатқаны туралы хабары болмаған. Жауапты органдардың мұндай шағын бизнес ғимараттарына тексеру жүргізуге еш заңды құқығы жоқ", - деді төтенше жағдайлар министрі.Шәріпханов өрт самокаттан шықты деген ақпаратты нақтылаған жоқ, айтуынша әлі тексеріледі. Министр дәл осы хостелге қатысты ақпарат мүлдем болмағанын айтты."Бізде қанша хостел бар екені туралы ақпарат бар. Бірақ бұл хостел туралы ақпарат болмай шықты. Жатақханалар үш типке бөлінеді, 2000 шаршы метрден жоғары, яғни жоғары тәуекелді жатақханалар, 1000 шаршы метр және 1000 шаршы метрден төмен хостелдер. Біріншіден өрт шыққан ғимарат хостел ретінде тіркелмеген. "2 ГИС" де тіркелмеген. Өз басым тексердім. Аумағы 400 шаршы метр болғандықтан, тәкуекелі төмен. Біздің мамандар тәуекелі жоғары хостел-жатөханаларды ғана тексереді. Ал мына жағдай бойынша барлық проблемалар толық тексеріледі, жауаптылдарды жазаланады", - деді министр.Ол бас прокуратура рұқсат берсе ғана хостелдер тексерілетінін айтты.
https://sputnik.kz/20231130/almatyda-khosteldegi-ortten-13-adam-qaza-tapty-40521669.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1e/40527652_242:0:1038:597_1920x0_80_0_0_b1922b67c1b83a31127ebd16f0aa9c4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өрт, төтенше жағдай
алматы, өрт, төтенше жағдай
Бұл хостел туралы әкімдік те, төтенше жағдайлар депаратменті да білмеген – Шәріпханов
16:13 30.11.2023 (жаңартылды: 16:19 30.11.2023) Ол бас прокуратура рұқсат берсе ғана хостелдер тексерілетінін айтты
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. 13 адамның өліміне себеп болған Алматыдағы хостел туралы Алматы қалалық әкімдігі де, төтенше жағдайлар департаменті де білмеген. Бұл туралы Алматы қалалық орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.
Министр Сырым Шәріпханов құтқарушыларға тар жолдар мен ғимарттың тығыз орналасуы және қою түтін кедергі келтіргенін айтады.
"Өрт ғимараттың жертөлесінен шыққан. Жертөледе көптеген ортопедиялық матрацтар болған. Өрттің ушығуына және тұрғындарға сол кедергі келтірген. Матрацтар жанған. Салдарынан қою түтін шыққан", - дейді Сырым Шәріпханов.
Марқұмдардың отбасына қаралы хабар берілген.
"Жақындарын жоғалтқандарға хабар берілді. Студенттер тұратын жері жоғын оқу орындарына айтпаған, тіпті, бұл хостелде тұратындарын да айтпаған. Бұл хостел туралы жергілікті әкімдік те, төтенше жағдайлар департаменті де білмеген. Адамдардың қандай жағдайда тұрып жатқаны туралы хабары болмаған. Жауапты органдардың мұндай шағын бизнес ғимараттарына тексеру жүргізуге еш заңды құқығы жоқ", - деді төтенше жағдайлар министрі.
Шәріпханов өрт самокаттан шықты деген ақпаратты нақтылаған жоқ, айтуынша әлі тексеріледі. Министр дәл осы хостелге қатысты ақпарат мүлдем болмағанын айтты.
"Бізде қанша хостел бар екені туралы ақпарат бар. Бірақ бұл хостел туралы ақпарат болмай шықты. Жатақханалар үш типке бөлінеді, 2000 шаршы метрден жоғары, яғни жоғары тәуекелді жатақханалар, 1000 шаршы метр және 1000 шаршы метрден төмен хостелдер. Біріншіден өрт шыққан ғимарат хостел ретінде тіркелмеген. "2 ГИС" де тіркелмеген. Өз басым тексердім. Аумағы 400 шаршы метр болғандықтан, тәкуекелі төмен. Біздің мамандар тәуекелі жоғары хостел-жатөханаларды ғана тексереді. Ал мына жағдай бойынша барлық проблемалар толық тексеріледі, жауаптылдарды жазаланады", - деді министр.
Ол бас прокуратура рұқсат берсе ғана хостелдер тексерілетінін айтты.