Алматыда заңсыз салынған базар павильондары сүріледі

© Ертай СарбасовАлматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Қазіргі күні жұмыс істеп тұрған 60 базардың 37-сі заңсыз екені анықталып, әкімшілік шаралар қолданылған
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Алматыда заңсыз құрылыс саны былтырғымен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Заңсыз құрылысты саңырауқұлақша қаптатқан ең бірінші кезекте – базарлар. Құрылыс аумағының аумағы шамамен 350 шаршы метр. Бұл жайт әкімдік жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде белгілі болған.
"Меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайтып, сауда павильондарын тұрғызып алған. Жалпы, пайда табу үшін меншік иелері павильондарды жалға заңсыз берген, онымен қоймай олардың заңсыз екенін жасырған", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Қазіргі күні жұмыс істеп тұрған 60 базардың 37-сі заңсыз екені анықталып, әкімшілік шаралар қолданылған.
"Заңсыз павильондар салу салдарынан базарлардың жалпы сауда алаңы үлкейіп кеткен. Соның жетеуін бұзу туралы сот шешімі шықты. Мысалы "Кәрім" базарында заңды тұрғызылған сауда объектілерінің жалпы ауданы 900 шаршы метр. ал 480 шаршы метр аумаққа заңсыз сауда орындары салынған. "Көтерме сауда" базарындағы заңды аумақ 15000 шаршы метр болса, оның 6000 шаршы метріне заңсыз сауда орындары салынған", - дейді ведомстводағылар.
Дәл осындай заңсыздық "Арыстан", "Тигрохауд", "Үш қоңыр", "Семиречьеу-Жетісу" және "Бак орда" базарларында да анықталған. Әкімдіктің айтуынша, заңсыз сауда нүктелері шамамен бірнеше мыңдаған аумаққа жайылып кеткен.
© Ертай СарбасовАлматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан
"Жоғарыда аталған базарлардың меншік иелері заңсыз павильондар есебінен жалпы сауда алаңын орта есеппен үштен бірге ұлғайтқан. Қазіргі уақытта "Бак орда" және "Көтерме сауда" базарлары бойынша заңсыз салынған сауда объектілерін сүріліп жатыр. Тағы 30 базар бойынша сот органдарына талап-арыздар берілетін болады", - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматының тауларын да заңсыз құрылыс жайлап кеткен.
© Ертай СарбасовАлматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтады.
"20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді", - дейді ведомство.
© Ертай СарбасовАлматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Алматыда заңсыз құрылыс саны артқан
Қалған 23 нысан бойынша қазір сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты сотқа талап-арыз жазылып жатыр.
"Жалпы биыл жыл басынан бері соттарға 76 заңсыз құрылысты бұзу бойынша талап-арыз берілген. Оның 35-і қанағаттандырылды, 41-і қаралып жатыр. Былтыр мұндай құрылыс саны 55 болған. Жыл басынан бері заңсыз 19 нысан бұзылды. Былтыр 10 нысан бұзылған болатын", - дейді Алматы қалалық әкімдігі.
Жаңалықтар
0