Оқиға

Хостелдегі өртке қатысты қылмыстық іс тіркелді

© Sputnik/Ертай СарбасовПосле пожара в хостеле в Алматы
После пожара в хостеле в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостел болып ашылған
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматы хостеліндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің себебін тексеру үшін хостелге министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жіберілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөле дәлізінде болған.
Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостел болып ашылған.
Аталған өрт фактісі бойынша Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) қылмыстық іс тіркеді.
Жаңалықтар
0