"Яссауи кесенесін жарып жібере жаздады": Түркістан әкімі ұсталған лаңкес туралы айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев посетил мавзолей Ходжа Ахмета Яссауи
Касым-Жомарт Токаев посетил мавзолей Ходжа Ахмета Яссауи - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
Осы оқиғадан кейін әесенеі стратегиялық нысандар тізіміне енгізілген
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде ұсталған лаңкес туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл қыркүйек айында ұлттық қауіпсіздік комитеті екі терактінің алдын алғанын мәлімдеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібергісі келгендердің әрекеті дайындық кезінде анықталды.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі кесенеде ұсталған лаңкес туралы айтты.

"Бұл ақпан айында болған. Мен өзім оны бұқаралық ақпарат құралдарынан естідім. Білуімше, Тәжікстан ба, басқа бір елдің азаматы. Сондай лаңкестік әрекет жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Олардың көзқарасы, неге сондайға барғысыкелгенін білмеймін. Кейбіреулер "серік қосу, тағы басқа нәрселер" дейді. Бірақ не үшін мұндай әрекет жасамақ болғанын айта алмаймын", - деді Сатыбалды.

Осы орайда облыс басшысы лаңкестік әрекеттің болмауына ешкім кепілдік бере алмайтынын да жеткізді.
"Кепілдікті ешқашан да ешкім бере алмайды. Кім не ойлап жүргенін ешкім білмейді ғой", - деп атап көрсетті әкім.
Осы оқиғадан кейін әкімдік үкіметке хат жазған. Содан кесенені стратегиялық нысандар тізіміне енгізген. Енді тарихи орынның қауіпсіздігіне арнайы күзет қызметі жауап береді.
Ахмет Яссауи кесенесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болған – ҰҚК екі терактінің алдын алды
Жаңалықтар
0