Жезқазғанда құрылыс жұмыстарын жоғары бағалап ақша жымқырған лауазымды тұлғалар ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, 2021 жылы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 млн теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген.
Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
0