Ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны тегін салдырады – денсаулық сақтау министрлігі

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
Жыл басынан бері ауруды 17 мыңнан астам адам жұқтырды, ауырғандардың дені вакцина алмаған балалар
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Кез келген адам Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Барлық ниет білдірушіге вакцина тегін салынады. Балалармен бірге келген ата-аналардың өздері вакцина алған-алмағанын білмейді. Біз вакцинаға ақы алмаймыз, өйткені вакцина елімізге үкіметтік тапсырыс аясында ғана әкелінеді", - деді министр.
Оның айтуынша, жыл басынан бері бері ауруды 17 мыңнан астам адам жұқтырды, ауырғандардың дені вакцина алмаған балалар.
Қызылшаның ең ауыр асқынуы – энцефалит. Ал қазір реанимацияда жатқан балаларда мидың қабыну белгілері бар, деді министр.
17 мың науқастың ішінде 82%-тен астамы немесе 14 465-і балалар. Оның 83%-і вакцинаалмаған.
Қызылша көп тіркелген аймақтар:
Шымкентте – 3 мыңнан астам жағдай;
Алматы мен Жамбыл облысында – 2 мыңнан астам;
Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында мыңнан астам адам қызылшамен ауырған.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцинация екі рет жүргізіледі: 12-15 айлық балалар. Ревакцинация - 6 жаста.
Қараша айында Қазақстанға қызылшаға қарсы вакцинаның 500 дозасы жеткізілді, желтоқсан айында миллион доза жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0