https://sputnik.kz/20231129/eek-zhumys-kushinin-biliktilik-zhuyelerin-biriktiruge-shaqyrdy-40509278.html
ЕЭК жұмыс күшінің біліктілік жүйелерін біріктіруге шақырды
ЕЭК жұмыс күшінің біліктілік жүйелерін біріктіруге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. ЕЭК алқасының басшысы Михаил Мясникович "Ресейдің ұлттық біліктілік жүйесі" IX Бүкілресейлік форумында жұмыс күшінің біліктілік... 29.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-29T10:32+0500
2023-11-29T10:32+0500
2023-11-29T10:32+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. ЕЭК алқасының басшысы Михаил Мясникович "Ресейдің ұлттық біліктілік жүйесі" IX Бүкілресейлік форумында жұмыс күшінің біліктілік жүйелерін біріктіруге шақырды, деп хабарлады комиссия.ЕЭК алқасының басшысы Еуразиялық экономикалық одақта ортақ еңбек нарығын қалыптастыру ЕАЭО-ның төрт негізгі қағидаттарының бірін немесе "бостандықтарын", яғни еңбек ресурстары қозғалысының еркіндігін іске асыру екенін айтты.Оның айтуынша, жалпы сыртқы экономикалық банктің сарапшылары еңбек нарығы ЕАЭО туралы шартта белгіленген деңгейден 70%-тен астам орындалған. Ал тауарлар нарығы 65%, қызметтер нарығы 45%, капитал нарығы шамамен 40%-ке жүзеге асқан.Михаил Мясникович бүгінде ЕАЭО елдерінде кәсіби стандарттарды қалыптастыру және біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйелері іс жүзінде дербес дамып жатыр. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктердің - ЕАЭО мен ТМД-ның күн тәртібінде тұрған жоқ."Жағдай ушығып барады, мамандарды даярлау жағдайындағы сәйкессіздіктер артып келеді, ал егер тапсырма жоғары деңгейде шешілмесе, онда "өзімдікі немесе өзгенікі" деген проблемалар болуы мүмкін", – деп атап өтті ол.Мясниковичтің пікірінше, ЕАЭО экономикалық одақ болса да адамдардың денсаулығы мен өмірі назардан тыс қалмауы керек.Пандемия еңбек нарығының жаңа формасын қалыптастырды. ЕАЭО-да цифрлық экономиканы дамыту жағдайында жұмыспен қамтудың жаңа түрлері - өзін-өзі жұмыспен қамту, платформалық жұмыспен қамту, фрилансинг жұмыстары ашылды. Мясниковичтің айтуынша, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттегі жұмыс беруші өкілдікті ашпай-ақ өзге мемлекеттен жұмысшыны қашықтықтан жалдағаны туралы да айтты.Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары дәстүрлі нысандарға қарағанда тезірек, заңнамалық базаға қарағанда белсенді дамып келеді, демек, құқықтық реттеудің болмауына байланысты еңбек қатынастарының барлық субъектілері үшін тәуекелдер туындайды.ЕЭК алқасы төрағасының пікірінше, бұл проблемалық мәселелер ЕАЭО елдерінің ұлттық ережелерді жақындастыру жөніндегі дәйекті жұмысы кезінде ғана шешілуі мүмкін."Әзірге комиссияның тиісті өкілеттіктері жоқ. Бірақ үкіметтен ЕЭК-ке осы міндеттерді шешуге құқық беруін сұраймын. Біз бұған қатысуға дайынбыз", - деді Михаил Мясникович.ЕЭК алқасының басшысы "Шекарасыз жұмыс" цифрлық бағдарламасы жұмысқа орналастыруда және қашықтан қызмет көрсетудің толық циклін алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жүйеде 171 мыңнан астам пайдаланушыдан 643 мыңнан астам өтініш түскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. ЕЭК алқасының басшысы Михаил Мясникович "Ресейдің ұлттық біліктілік жүйесі" IX Бүкілресейлік форумында жұмыс күшінің біліктілік жүйелерін біріктіруге шақырды, деп хабарлады комиссия.
ЕЭК алқасының басшысы Еуразиялық экономикалық одақта ортақ еңбек нарығын қалыптастыру ЕАЭО-ның төрт негізгі қағидаттарының бірін немесе "бостандықтарын", яғни еңбек ресурстары қозғалысының еркіндігін іске асыру екенін айтты.
"ЕАЭО азаматтары үшін еңбек нарығына рұқсат беру бойынша шектеулер алынып тасталды, олар 30 тәулік ішінде міндетті тіркеуден босатылды, білім туралы құжаттар өзара мақұлданады", – деп мысалдар келтірді Михаил Мясникович.
Оның айтуынша, жалпы сыртқы экономикалық банктің сарапшылары еңбек нарығы ЕАЭО туралы шартта белгіленген деңгейден 70%-тен астам орындалған. Ал тауарлар нарығы 65%, қызметтер нарығы 45%, капитал нарығы шамамен 40%-ке жүзеге асқан.
Михаил Мясникович бүгінде ЕАЭО елдерінде кәсіби стандарттарды қалыптастыру және біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйелері іс жүзінде дербес дамып жатыр. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктердің - ЕАЭО мен ТМД-ның күн тәртібінде тұрған жоқ.
"Жағдай ушығып барады, мамандарды даярлау жағдайындағы сәйкессіздіктер артып келеді, ал егер тапсырма жоғары деңгейде шешілмесе, онда "өзімдікі немесе өзгенікі" деген проблемалар болуы мүмкін", – деп атап өтті ол.
Мясниковичтің пікірінше, ЕАЭО экономикалық одақ болса да адамдардың денсаулығы мен өмірі назардан тыс қалмауы керек.
Пандемия еңбек нарығының жаңа формасын қалыптастырды. ЕАЭО-да цифрлық экономиканы дамыту жағдайында жұмыспен қамтудың жаңа түрлері - өзін-өзі жұмыспен қамту, платформалық жұмыспен қамту, фрилансинг жұмыстары ашылды. Мясниковичтің айтуынша, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттегі жұмыс беруші өкілдікті ашпай-ақ өзге мемлекеттен жұмысшыны қашықтықтан жалдағаны туралы да айтты.
Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары дәстүрлі нысандарға қарағанда тезірек, заңнамалық базаға қарағанда белсенді дамып келеді, демек, құқықтық реттеудің болмауына байланысты еңбек қатынастарының барлық субъектілері үшін тәуекелдер туындайды.
"Осында еңбек түрімен айналысатын барлық жұмысшылар еңбекті қорғаудың барлық стандарттарымен қорғалуы өте маңызды", – деді Михаил Мясникович.
ЕЭК алқасы төрағасының пікірінше, бұл проблемалық мәселелер ЕАЭО елдерінің ұлттық ережелерді жақындастыру жөніндегі дәйекті жұмысы кезінде ғана шешілуі мүмкін.
"Әзірге комиссияның тиісті өкілеттіктері жоқ. Бірақ үкіметтен ЕЭК-ке осы міндеттерді шешуге құқық беруін сұраймын. Біз бұған қатысуға дайынбыз", - деді Михаил Мясникович.
ЕЭК алқасының басшысы "Шекарасыз жұмыс" цифрлық бағдарламасы жұмысқа орналастыруда және қашықтан қызмет көрсетудің толық циклін алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жүйеде 171 мыңнан астам пайдаланушыдан 643 мыңнан астам өтініш түскен.