https://sputnik.kz/20231129/astanada-muzga-tusip-ketken-zhasospirimdi-qutqargan-zhigit-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-40509826.html
Астанада мұзға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты
Астанада мұзға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Өзен бетіндегі мұздың бір жері қалың, бір жері жұқа. Тіпті Мерекенің өз өміріне де қауіп төнген 29.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-29T11:25+0500
2023-11-29T11:25+0500
2023-11-29T11:25+0500
астана
мұз
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40509664_0:122:1296:851_1920x0_80_0_0_fbf26af64d754055e91bd8fd3a0cae1f.jpg
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Астанада мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен жасөспірімді құтқарған жігіт Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып бердіЖасөспірімді құтқарған сол маңайда жүрген құрылысшы Мереке Едресов. Жасы – 35-те."Бір қарбалас басталып кетті. Қарасам прораб жігіт ары-бері жүгіріп жүр. Бір уақытта қолына жіпті алып, өзенге қарай қайта жүгірді. Мен құрылыс көлігінде отырғанмын, не болды деп едім "суға адам батып кетті" деді. Мен дереу курткамды шешіп, беліме қауіпсіздік жібін байладым да, мұзға қарай жүгірдім. Менің салмағымды көтере алмай мұз шытынап жатты", - дейді Мереке Едресов.Өзен бетіндегі мұздың бір жері қалың, бір жері жұқа. Тіпті Мерекенің өз өміріне де қауіп төнген.Мереке жасөспірімнің курткасынан ұстап өзіне тарта бастаған. Ал жасөспірімнің қимылдауға да әлі болмаған."Ол жерде мен ғана емес, құрылыстағы жігіттер де көмектесті. Жағалауға шыққанда қаншалықты қауіпті болғанын түсіндім. Бірақ одан бұрын менде тек адамды аман алып шығу керек деген ғана ой болды", - дейді Мереке Едресов.Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт сумкасын жағаға қойып қойып, телефонмен сөйлесіп жүрген. Бірақ мұзға неге шыққанын айтып түсіндіре алмаған. Оның аты-жөнін айтуға да әлі келмеген.Еске салсақ, кеше Астанада 17 жастағы бозбала мұздың астына түсіп кетті. Абырой болғанда оны оқиға куәгері құтқарып қалған. Бала ауруханаға жатқызылды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40509664_0:0:1296:972_1920x0_80_0_0_96b988ca34230839f537f0f91a396c61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мұз
Астанада мұзға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты
Өзен бетіндегі мұздың бір жері қалың, бір жері жұқа. Тіпті Мерекенің өз өміріне де қауіп төнген
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Астанада мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен жасөспірімді құтқарған жігіт
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Жасөспірімді құтқарған сол маңайда жүрген құрылысшы Мереке Едресов. Жасы – 35-те.
"Бір қарбалас басталып кетті. Қарасам прораб жігіт ары-бері жүгіріп жүр. Бір уақытта қолына жіпті алып, өзенге қарай қайта жүгірді. Мен құрылыс көлігінде отырғанмын, не болды деп едім "суға адам батып кетті" деді. Мен дереу курткамды шешіп, беліме қауіпсіздік жібін байладым да, мұзға қарай жүгірдім. Менің салмағымды көтере алмай мұз шытынап жатты", - дейді Мереке Едресов.
Өзен бетіндегі мұздың бір жері қалың, бір жері жұқа. Тіпті Мерекенің өз өміріне де қауіп төнген.
"Мен еңбектеп келгенде жігіттің мүлдем әлі жоқ болды. Менің ойымша 5 минуттай суда болған ғой деймін, бірақ құтқарушылар 5 минуттан көп болғанын айтады. Қалай түсіп кеттің деп сұрап едім, жауап бере алмады. Жіпті лақтырып едім, жігіт ұстауға әлім жоқ деді. Мен барынша жақындадым. Бірінші қолынан ұстап өзіме тарттым, мұз шытынай бастады", - деді құтқарған құрылысшы.
Мереке жасөспірімнің курткасынан ұстап өзіне тарта бастаған. Ал жасөспірімнің қимылдауға да әлі болмаған.
"Ол жерде мен ғана емес, құрылыстағы жігіттер де көмектесті. Жағалауға шыққанда қаншалықты қауіпті болғанын түсіндім. Бірақ одан бұрын менде тек адамды аман алып шығу керек деген ғана ой болды", - дейді Мереке Едресов.
Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт сумкасын жағаға қойып қойып, телефонмен сөйлесіп жүрген. Бірақ мұзға неге шыққанын айтып түсіндіре алмаған. Оның аты-жөнін айтуға да әлі келмеген.
Еске салсақ, кеше Астанада 17 жастағы бозбала мұздың астына
түсіп кетті. Абырой болғанда оны оқиға куәгері құтқарып қалған. Бала ауруханаға жатқызылды.