https://sputnik.kz/20231129/art-sport-aqmola-oblysynda-16-mln-tenge-byudzhet-qarzhysy-urlangan-40515741.html
Арт спорт: Ақмола облысында 16 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Арт спорт: Ақмола облысында 16 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Sputnik Қазақстан
Ерейментаулық кәсіпкер "Алаяқтық" бабы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді 29.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-29T16:13+0500
2023-11-29T16:13+0500
2023-11-29T16:13+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/403/91/4039110_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_276671df2a679d983d4fd39ae6382baa.jpg
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Ақмола облысында "Арт спорт" бағдарламасына бөлінген 16 млн теңге бюджет қаражаты қолды болған, деп хабарлады облыстық прокуратуОблыс прокуратурасы "Арт спорт" бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді.Мысалы, Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашқан. Алайда домбыра және шахмат бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген, ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражаты 6 млн теңгені құрады. Прокуратура қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберген."Кәсіпкер "Алаяқтық" бабы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды", - дейді облыстық прокуратура.Сондай-ақ Көкшетау қаласында кәсіпкер ашқан екі секцияның біреуі іс жүзінде жұмыс істемеген.Залал өтеліп, бұл кәсіпкермен де шарт бұзылды.Жалпы алаяқтық жасаған кәсіпкерлерге қатысты барлығы 5 қылмыстық іс қозғалды. Ал мемлекетке келтірілген шығын 16 млн теңгеден асады.Қазіргі уақытта барлық істің тергеуі аяқталып, 3 айыптау үкімі шығарылған және мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.Айта кетері, бұл бағдарлама балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған. Үй-жайларды жалға алу және жаттықтырушылардың жалақысы үшін барлық шығынды мемлекет төлейді.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/91/4039110_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_a537e6af7144b31b8a373fd5976e2b39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Арт спорт: Ақмола облысында 16 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Ерейментаулық кәсіпкер "Алаяқтық" бабы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Ақмола облысында "Арт спорт" бағдарламасына бөлінген 16 млн теңге бюджет қаражаты қолды болған, деп хабарлады облыстық прокурату
Облыс прокуратурасы "Арт спорт" бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді.
"Қара ниетті кәсіпкерлер бұл бағдарламаға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, "өлі жандарды" рәсімдеу фактілері анықталды", - деп жазылған қадағалау ведомствосының хабарламасында.
Мысалы, Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашқан. Алайда домбыра және шахмат бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген, ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражаты 6 млн теңгені құрады. Прокуратура қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберген.
"Кәсіпкер "Алаяқтық" бабы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды", - дейді облыстық прокуратура.
Сондай-ақ Көкшетау қаласында кәсіпкер ашқан екі секцияның біреуі іс жүзінде жұмыс істемеген.
"Футбол және теннис секцияларына бірдей балалар тіркелген. Ал іс жүзінде олар тек волейболға ғана барған. Теннис сабақтары өткізілмеген, бірақ кәсіпкер бюджет ақшасын алғаны туралы табель толтырған. 6 ай ішінде ол 1 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген", - дейді прокуратура.
Залал өтеліп, бұл кәсіпкермен де шарт бұзылды.
Жалпы алаяқтық жасаған кәсіпкерлерге қатысты барлығы 5 қылмыстық іс қозғалды. Ал мемлекетке келтірілген шығын 16 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта барлық істің тергеуі аяқталып, 3 айыптау үкімі шығарылған және мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.
Айта кетері, бұл бағдарлама балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған. Үй-жайларды жалға алу және жаттықтырушылардың жалақысы үшін барлық шығынды мемлекет төлейді.